«AMANAT» партиясы кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді

«AMANAT» партиясы кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді

«AMANAT» партиясы кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесі халық көп жиналатын орталық сауда орталығына барып, сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін жазып алды. «Гүлжан» сауда орталығы аумағында Түлкібастықтардың өтініштерін Түркістан облыстық мәслихатқа үміткерлер С.Қайшыбеков, С.Даулеталина, К.Жартыбаев, «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінің  меңгерушісі  Б.Құлжанов, «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты М.Жадакова, «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиал төрағасы, бірмандаттық сайлау округі бойынша, аудандық мәслихат депутатына үміткер Қ.Еркебаев қатысты. Үміткерлер сауда орталығының сатушыларымен әңгімелесіп, мәселелеріне құлақ түрді. Өз кезегінде, сайлаушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кері байланыс орнату үшін телефон нөмірлерін қалдырды. Осылайша, түлкібастықтар партияның бастамасын қолдап, белсенді азаматтық ұстаным танытты. Сайлаушының әрбір ұсыныс-пікірі ескеріледі.

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.