Аманаттықтар Түлкібас ауданында мобильді қоғамдық қабылдау өткізді

Аманаттықтар Түлкібас ауданында мобильді қоғамдық қабылдау өткізді

Аманаттықтар Түлкібас ауданында мобильді қоғамдық қабылдау өткізді
ашық дереккөзі
Бүгін Түлкібас ауданындағы «Гүлжан» сауда орталығының алдында қоғамдық қабылдау өтті. Қоғамдық қабылдауға Түркістан облыстық мәслихатқа үміткерлер Сапарғали Қайшыбеков, Сауле Даулеталина,  Келесбек Жартыбаев, «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінің  меңгерушісі  Берік Құлжанов, «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Манат Жадакова, «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиал төрағасы, бірмандаттық сайлау округі бойынша, аудандық мәслихат депутатына үміткер Қ.Еркебаев қатысты. Қабылдау барысында аудан тұрғындары, ел ағалары, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жастар және көпбалалы аналар Түлкібас ауданына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтар болсақ, елдімекендерде жабық спорт алаңшаларын, мәдениет үйлерін және де амбулаториялық пункттер салу, сонымен қатар қайтарымсыз грант, атаулы әлеуметтік көмек алу, сондай-ақ тұрақты жұмысқа орналасу сынды мәселелерді қозғады. Аудан тұрғындарының өзекті мәселесін таңдаған үміткерлер, тұрғындар көтерген өтініштің барлығы партияның бағдарламасында көрсетілгенін, кезең-кезеңімен шешімін табатынын түсіндіріп, назарға алды. Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облыстық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 3 мыңнан астам ұсыныстар мен тілектер келіп түсті. Оның басым бөлігі инфрақұрылым мен әлеуметтік көмекке қатысты өтініштер. Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.