ҚХП: Мемлекет агроөнеркәсіп саласын қолдауы керек

ҚХП: Мемлекет агроөнеркәсіп саласын қолдауы керек

ҚХП: Мемлекет агроөнеркәсіп саласын қолдауы керек
ашық дереккөзі
ҚХП төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Александр Милютин Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданындағы «Зайтенов» шаруа қожалығында болды. Бұл шаруа қожалық астық, шұжық, ірімшік өндірумен айналысады. Сондықтан да партия өкілінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары ауылшаруашылық бағытында өрбіді. Шаруалар мемлекеттен берілетін субсидияларға қол жеткізе алмай жатқанын айтты. Осы ретте Александр Милютин партия агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асыру қағидаттары мен тетіктерін түбегейлі қайта қарауды ұсынып отырғанын атап өтті.
«Өткен үш жылдағы АӨК ЖІӨ-нің тіркелген үлесіндегі субсидиялар мен несиелердің жыл сайынғы көлемін есептеу үшін нақты өлшем шарттарды заңнамалық тұрғыдан айқындау қажет. Сондай-ақ мемлекеттен бөлінетін субсидиялар мен несиелер көлемі агроөнеркәсіп кешенінің жалпы ішкі өніміне сәйкес болуы тиіс. Сонымен қатар Үкімет ауылшаруашылық бағатына «электрондық ақша» форматы еңгізіп, саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуы керек», – деді ол.
Кездесуде партия өкілі жастарды қолдау, ауылды дамыту, салалардағы кадр тапшылығы секілді мәселелерді де атап өтті. Сонымен қатар ол қазақстандықтар үшін білім мен денсаулық саласындағы қызметтер тегін әрі қолжетімді болу керек екенін тілге тиек етті.