Жаңалықтар

Ұрып-соққан: Алматы облысында мектеп оқушысы көз жұмды

ашық дереккөзі

Ұрып-соққан: Алматы облысында мектеп оқушысы көз жұмды

Алматы облысында аудандық ауруханалардың бірінде 14 жастағы жасөспірім көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Аймақтық Полиция департаментінің хабарлауынша, баланың ата-анасы ұлын бір күн бұрын белгісіз адамдар аяусыз ұрып-соқты деп полицияға шағымданған. 13 наурызда жергілікті тұрғын Еңбекшіқазақ ауданының полициясына кәмелетке толмаған ұлына дене жарақатын салған белгісіз адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағым түсірген. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша өтініштің келіп түскенін растады. Дәрігерлердің барынша көмегіне қарамастан соққыға жығылған оқушы келесі күні көз жұмды. «Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, қажетті тергеу жүріп жатыр. Баланың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ. Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жасалады», - деп хабарлады Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі. Ведомство, сонымен қатар, сараптамалық зерттеу аяқталғаннан кейін түпкілікті іс жүргізілетінін айтты. Басқа ақпарат жария етілмейді.