Қарапайым адамдардың құқықтарын қорғаймыз – «Қазақстан Халық партиясы»

Қарапайым адамдардың құқықтарын қорғаймыз – «Қазақстан Халық партиясы»

Қарапайым адамдардың құқықтарын қорғаймыз – «Қазақстан Халық партиясы»
ашық дереккөзі
«Қазақстан Халық партиясы» қарапайым адамдардың, оның ішінде көп балалы аналар мен балалар, жастар және жас отбасылардың құқықтарын қорғауға аса мән бермек деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Адамды алға жетелейтін де, өмірден түңілдіретін де сенім. Ең алдымен Құдайға сосын өзімізге сенеміз. Бірақ өзгеге сенбейміз, өйткені оны жоғалтып алдық. Қазақ халқы соғысты да, аштықты да көрді. Қабырғасы қанша қайысса да түңілмеді. Өзге елге кетіп қалып немесе мен үшін барлығы шешіліп қойған деп үйде отыру қиын емес. Мен де солай ете алар едім. Алайда міне кешкі сағат 20:00-де ауырыңқырап қалған бір жастан асқан баламды тастап халық алдына шығып тұрмын. Еріккеннің ісі ме? Әйел алдымен өзгені, сосын барып өзін ойлайды, әсіресе ана. Митингіге шығып жүрген ана, бала бағып отырудың орнына жұмыс істеп жүрген ана. Уақтылы зейнетке шыға алмай баласына масыл болып отырған ана қаншама. Өз басым ұлым әскерден аман оралсын, балаларым күнделікті нәпәқасын ойламай ғалым болсын, елге еңбегі сіңсін деп тілеймін», - деді «Қазақстан Халық партиясының» мүшесі Оксана Әубәкірова «Хабар» телеарнасында өтіп жатқан пікірсайыс барысында.
Партия өкілі 63 жасқа дейін жұмыс істемей, аялы әже болып, парасатты ұрпақ тәрбиелегісі келетінін айтты.
«Бұл менің ғана емес, барлық ананың тілегі. Біз Астананың маңында ауылда тұрамыз. Газ жоқ, ол түгілі су да жоқ. Күнделікті суын тасып ішетін халықтан не сұраймыз? Ерекше қажеттілігі бар адамдар, сал балалар, аутист оларды ойлап жатырған адам бар ма? Ата-анасы бар ауру балалар қалай болғанда да қоғамға қосылуға мүмкіндік алады. Ал ата-анасыз балалар далада қалып жатады. Миы болса да, тірі өлік. Олардың арасында мүмкін Эйнштейн бар шығар? Айтпақшы, Эйнштейн аутист болған. Оларды ойлаған ел ағасы бар ма? Өйтеміз, бүйтеміз деп, үйдей бәлені шешеміз деп кейін халықтың аузы қу шөппен сүртіледі. Бүгін мен үлкен сеніммен алдарыңызға шығып отырмын. «Оян, қазақ» дегелі 118 жыл болыпты, айта-айта жауыр болды. Өз таңдауымызды жасаудан жалықпайық», - дейді ол. «Мемлекет басшысы саяси реформалар жоспарын жариялады, елімізде адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституциялық сот пайда болды. Саяси партияларды тіркеу шарттары өзгертілді, екі жаңа партия пайда болды. Партиялық емес азаматтарға сайлануға конституциялық құқық қайтарылды, елдің жүздеген азаматтары бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс пен мәслихаттарға өз кандидатураларын ұсынды. «Қазақстан Халық партиясы» қарапайым адамдардың, көп балалы аналар мен балалардың, жастар және жас отбасылардың құқықтарын қорғайды. Бұл кеншілер мен металлургтер партиясы, біздің артымызда миллиондаған жұмысшылар тұр», - деді «Қазақстан Халық партиясының» мүшесі.
Айта кетейік, «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын 7 саяси партия өкілдері арасында пікірсайыс өтті.