Дүйсенбі, 27 Наурыз, 2023

«19 наурыз – 19 миллион халықтың болашағын айқындайтын күн» – Ерлан Қошанов

Елордада 3000-ға жуық адамның қатысуымен «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» форумы өтті. Іс-шараға Мәжіліс пен мәслихаттарға кандидаттар, партия белсенділері мен жақтастары және «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Жиында үміткерлер үгіт-насихат кезеңінде атқарылған жұмыстар, сайлауалды бағдарламаның басымдықтары туралы айтты.

«19 наурыз – 19 миллион халықтың болашағын айқындайтын күн» – Ерлан Қошанов

Өз сөзінде «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов үгіт-насихат кезеңіндегі қажырлы еңбегі үшін партияластарға алғыс айтып, жастар қанатының жасампаздығы мен белсенділігін ерекше атап өтті.

«Бұл сайлау, ең алдымен аманаттықтардың мызғымас бірлігі мен берекесін, мұқалмас жігері мен рухын көрсетті. Бір айдың ішінде 30 мың кездесу өткізіп, 4 миллионнан астам адамды қамтыдық. Кездесулер барысында партияның сайлауалды бағдарламасын талқылап, азаматтардың талап-тілектерін жинадық», – деді ол.

«19 наурыз – 19 миллион халықтың болашағын айқындайтын күн» – Ерлан Қошанов

Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясы Президенттің қоғамдық тірегі ретінде саяси мәдениеттің жаңа трендін қалыптастырып, өзгерістердің драйверіне айналғанын атап өтті.

«Біз тарихта қалатын іс тындырып жатырмыз және оған әрқайсымыз үлес қосудамыз. Үгіт-насихат жұмысының барлық кезеңінде біз сайлаушылармен ашық әңгімелестік, дебаттарға қатыстық, кез келген алаңда қарсыластармен пікірталас жүргіздік. «AMANAT» шалғайдағы ауылда да, Тик-токта да болды», – деді ол.

«19 наурыз – 19 миллион халықтың болашағын айқындайтын күн» – Ерлан Қошанов

Партия Төрағасы сайлаудан кейін үгіт-насихат плакаттарының орнын нақты істер алмастыру керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, 19 наурыз – 19 миллион халықтың болашағын айқындайтын күн.

«Жауапкершілік жүгін сезінетін партия жаңа науқанға дайындық сайлаудан кейінгі күні-ақ басталатынын біледі. Сайлауалды бағдарламаның барлық тармағы толық орындалуы тиіс. Себебі, ондағы әр цифрдың артында адам тағдыры тұр. Елдің мүддесі мен ұлттың болашағы жолында аянбай қызмет етуге әрдайым дайынбыз!», – деді Е.Қошанов.

Сондай-ақ форум барысында партиядан Парламент мәжілісі депутаттығына кандидаттар Мақсат Толықбай, Есен Елеукен, Нартай Сәрсенғалиев, Севда Әлиева, Ринат Заитов, Ольга  Спирина, Жұлдыз Сүлейменова және Асхат Аймағамбетов сөз сөйледі.

«19 наурыз – 19 миллион халықтың болашағын айқындайтын күн» – Ерлан Қошанов

«19 наурыз – 19 миллион халықтың болашағын айқындайтын күн» – Ерлан Қошанов

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button