Жаңалықтар

«19 наурыз – 19 миллион халықтың болашағын айқындайтын күн» – Ерлан Қошанов

ашық дереккөзі

«19 наурыз – 19 миллион халықтың болашағын айқындайтын күн» – Ерлан Қошанов

Елордада 3000-ға жуық адамның қатысуымен «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» форумы өтті. Іс-шараға Мәжіліс пен мәслихаттарға кандидаттар, партия белсенділері мен жақтастары және «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты. Жиында үміткерлер үгіт-насихат кезеңінде атқарылған жұмыстар, сайлауалды бағдарламаның басымдықтары туралы айтты. Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясы Президенттің қоғамдық тірегі ретінде саяси мәдениеттің жаңа трендін қалыптастырып, өзгерістердің драйверіне айналғанын атап өтті. «Біз тарихта қалатын іс тындырып жатырмыз және оған әрқайсымыз үлес қосудамыз. Үгіт-насихат жұмысының барлық кезеңінде біз сайлаушылармен ашық әңгімелестік, дебаттарға қатыстық, кез келген алаңда қарсыластармен пікірталас жүргіздік. «AMANAT» шалғайдағы ауылда да, Тик-токта да болды», - деді ол.