Абай облысының ардагерлерімен кездесу өтті

Абай облысының ардагерлерімен кездесу өтті

Абай облысының ардагерлерімен кездесу өтті
ашық дереккөзі
Семей қалалық кәсіподақтар үйінде «AMANAT» партиясының сайлауалды штабының өкілдерімен бірге Абай облысының ардагерлерімен кездесу өтті. Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Татьяна Белихина, Шағангүл Жанаева, Алтай Дүйсіповпен 19 наурызда дауыс беру қалай өтетіні және қанша бюллетень болатыны туралы әңгімелесті. Жиналғандарды «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен және алдағы 5 жылға Абай облысын дамытудың кешенді жоспарымен таныстырды. Жастарға білім беру гранттарын бөлу, сапалы медициналық көмек көрсету, қоғам бірлігі туралы келіп түскен сұрақтарға жауап берілді. Абай облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.