«Ауыл» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын сыр елінде жалғастырды

«Ауыл» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын сыр елінде жалғастырды

«Ауыл» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын сыр елінде жалғастырды
ашық дереккөзі
Кандидаттар Ақжарма ауылына барды. Сырдария ауданына қарасты бұл елді мекенде күріш өсіріп, өңдейтін кәсіпорын бар. Қожалық мал шаруашылығымен де айналысады. Саяси ұйым өкілдері мекеме жұмысымен танысып, қызметкерлерімен әңгімелесті. Партияның тұғырнамасын түсіндірді. Онан соң облыс орталығында сайлаушыларымен кездесіп, сұрақ-жауап форматында жиналыс өткізді. Сайлауда дауыс берудің маңыздылығы айтылды. Кейін делегация мүшелері қаладағы жеке меншік мектептердің біріне барып, Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысты. Оқушылар дайындаған көрмені тамашалады. Партияның ертеңгі жұмыс сапары Шымкент қаласында өтеді.
«Елімізді көтеру үшін білім көтерілу керек. Білім көтерілген жағдайда барлық сала дамиды. Биылғы сайлаудың ерекшелігі өзім танитын мықты кісілер осы сайлауға қатысып жатыр. Мен сол кісілерге даусымды беремін. Сайлау нәтижесінде жазылған бағдарламалар толық орындалса екен деген ойым бар», - дейді кәсіпкер Наталья Мишукова.