«Ауыл» партиясының оңтүстіктегі жұмыс сапары жалғасып жатыр

«Ауыл» партиясының оңтүстіктегі жұмыс сапары жалғасып жатыр

«Ауыл» партиясының оңтүстіктегі жұмыс сапары жалғасып жатыр
ашық дереккөзі
«Ауыл» партиясының оңтүстіктегі жұмыс сапары жалғасып жатыр. Бүгін кандидаттар Түркістан өңірінің халқымен кездесті. Саяси ұйым өкілдері облыс орталығындағы басты алаңдардың бірімен жүріп өтіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жергілікті диқандармен және мақта өсірушілермен көрісіп, өңірдің жетістіктері мен түйткілдері жөнінде әңгімелесті. Фермерлер көкейдегі сауалдарына жауап алды. Мұнан соң, Сауран ауданындағы Ескі Иқан ауылында жергілікті тұрғындардың қатысуымен жиналыс өтті. Отандық ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешу жолдарын талқыланды. Делегация мүшелері ертең Қызылорда облысына барады.
«Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің республика төңірегінде алатын орны ерекше. Біз 1 жылда бір жерден 2-3 өнім аламыз. Бұл саяси науқанның маңыздылығы бүкіл сайлаушылардың сайлауға деген сенімі», - дейді «Ауыл» партиясының өңірлік штабының басшысы Ерубай Дуанаев.