«Ауыл» партиясы Алматы қаласында бейбіт шеру өткізді

«Ауыл» партиясы Алматы қаласында бейбіт шеру өткізді

«Ауыл» партиясы Алматы қаласында бейбіт шеру өткізді
ашық дереккөзі
«Ауыл» партиясы Алматы қаласындағы саябақтардың бірінде бейбіт шеру өткізді. Шараға кандидаттар мен шаруалар қатысты. Саяси ұйым өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, партияның тұғырнамасын таныстырды. Агросаладағы түйткілдерді шешу жолдарын талқылады. Мұның алдында делегацияның жұмыс сапары еліміздің батысы мен шығысында және солтүстігі мен оңтүстігінде өтті. Осы күнге дейін 3 мыңнан астам кездесу ұйымдастырылды. Алдағы аптада негізгі топ Түркістан, Қызылорда, Жетісу облыстарына, Шымкент пен Жаркент қалаларына барады.
«Бұл жолғы сайлаудан күтеріміз көп. Неге десеңіз, халықтың санасы өзгерді, көзі ашылды. Яғни жастар сайлауға не үшін бару керектігін біледі», - дейді «Ауыл» партиясының мүшесі Біржан Медеуов.