Жаңалықтар

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы экологияны жақсартуға бағытталған

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы экологияны жақсартуға бағытталған

"AMANAT" партиясынан Абай облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Шағангүл Жанаева, Семей қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Равиль Сәбитов, бір мандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қуаныш Қасенов "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының ұжымдарымен кездесу өткізді. "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасында экологияны жақсартуға бағытталған бөлім бар. Ол табиғи ресурстарды қорғау және қалпына келтіру сияқты бағытты қамтиды. "Су балансын сақтау үшін 14 жаңа су қоймасы салынады, 16 жұмыс істеп тұрған су қоймасы қайта жаңартылады. Біз күш-жігерімізді сирек кездесетін жануар мен өсімдік әлемін қорғауға және қалпына келтіруге бағыттаймыз. Ол үшін озық ғылыми әдістер мен технологиялар тартылатын болады. Екі миллиард ағаш егуді қолға аламыз, сонымен бірге қаладағы жасыл желектің жай-күйін бақылаудың ақпараттық жүйесін енгіземіз", - делінген "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасында.