Жеңіс Бекбасаров: Қазақтың JanDos-ы Алиса мен Siri-ден кем түспейді

Жеңіс Бекбасаров: Қазақтың JanDos-ы Алиса мен Siri-ден кем түспейді

Жеңіс Бекбасаров: Қазақтың JanDos-ы Алиса мен Siri-ден кем түспейді
ашық дереккөзі

«Яндекс» компаниясының бағдарлама жасақтаушылары ойлап тапқан «Алиса» дауысты көмекшісін айына 45 миллионға жуық адам қолданады. Осыдан үш жыл бұрын компания өкілдері ТМД елдерінде танымалдығы жоғары бұл платформаның қазақ тіліне аударылатынын мәлімдеген еді. Бірақ отандық мамандардың «Алисадан» кем түспейтін, қазақ тілінде сөйлейтін платформаларды іске қосуға барын салып жатқанын көпшілік біле бермейді. Жуырда Атырау облысының тумасы Жеңіс Бек­ба­саров JanDos атты виртуалды көмекші ойлап тапқаны туралы қысқа ақпарат тарады. Жеңіске хабар­лас­қанымызда, ол 2016 жылдан бері әзірлеген жобасын сәуір айының ортасында көпшілікке таныстыруды жос­парлап отырғанын айтты. Әрі алдағы уақытта робот көмекшілерден бөлек, мүмкіндігі шектеулі жан­дар­ға көмегі көп тиетін құрылғылар жасап шығармақ ойы бар. Алғашында Америкаға көшуді көздеп, кейін Қазақстанда қалуды ұйғарған, жаңашылдыққа жаны құмар Жеңіске хабарласып, әңгімесін жазып ал­ған едік.

Ауылдағы ағалардың Москвич көлігін жөндеуге көмектескім келіп тұратын

Бәрі балалық шақтан баста­ла­ды. Біреуге еліктейміз, біреуге қарап бой түзейміз. 10 жаста ма екен, әлде 12 жаста ғой деймін, «Незнайка на Луне» атты мультфильм көріп, ға­­­рышқа ұшуға болатынын, онда апа­ратын ғажап технология бар еке­нін білдім. Қазіргі оқулықтарда түрлі ил­люстрация көмегімен баланың қия­лын асқақтатуға мүмкіндік бар. Ал біздің кезімізде ондай ғажайып дү­­ниелердің бар екенін кітаптан, ки­но, мультфильмдерден білетін едік. Негізі, ІТ саласына келуіме кон­структорлар туралы мультфильмдер түрткі болды. Мен Атырау облысы Ма­хамбет ауданына қарасты Сары­то­ғай ауылында өсіп-өндім. Ауылда жүр­генде ел таңғалатын, көпшілікке пай­дасын тигізетін әлдебір зат құрас­тыр­ғым келді. Әлбетте, қаланікіне қа­рағанда ауыл баласының мүм­кін­дігі аз. Бірақ адамның қабілеті болса, ауыл­да тұра ма, жоқ әлде қалада ма, маңызды емес. Тау мен тасты қо­па­ра­тын әлеуеті бар болса, тіпті әлемді ба­ғындыра алады. Ауылда қымбат ма­териалға қолың жетпесе де, ағаш­тан қашап, әдемі дүниелер жасай­тын­дар жетерлік. Мысалы, 8 наурыз­да әулетімдегі нәзік жандыларға ағаш­­тан жасалған сәнді түйреуіш сый­­лағанымның әсері ерекше болды.  width=Ағашты қашаудан бөлек, бала кезімде ауылдағы үлкен ағалардың «Мос­квич­терін» жөндеуге көмектескім ке­­ліп тұратын. Әлі есімде, әйтеуір, үне­­мі бірдеңені түзеуге, жаңартуға қат­ты қызығатынмын. Бірақ білі­мім­ді жетілдіре түсуге сеп болатын тех­ни­калық мүмкіндіктер болмады. Де­генмен өсе келе бұл мүмкіндіктер бірте-бірте алдымнан шығып отыр­ды. Ауылдағы орта мектепті бітірген соң Атырау политехникалық кол­лед­жінің техникалық процестерді авто­маттандыру мамандығына оқуға түстім. Сосын Атырау политех­ни­ка­лық институтында басқаруды ав­томаттандыру мамандығы бойынша білім алдым. Ол институттың мықты базасы болғандықтан, онда маған бір­шама тың дүние жасауға жол ашыл­ды. Алғашында компьютер қол­дан­ған кезде «Оның экранына ин­тер­фейске ақпаратты кім шығарады? Ол суреттерді кім салып отыр? Мұ­ның бәрі экранға қалай шығады сон­да?» дегендей сұрақтар мазалап, қат­ты қызыға бастадым. Ақырында, сол қызығушылық бағдарлама жа­сақ­тау ісіне алып келді. Сөйтіп, инс­титут қабырғасында жүріп, бағ­дар­лама жасақтауды үйрендім. Жа­сақ­таушы болғанның бір жақсы жері, біз күллі әлем күнделікті қолданатын те­лефон, теледидар, тіпті миксер се­кіл­ді құрылғылардың қалай жұмыс іс­тейтінін жетік білеміз. Бұзылып қал­са, лезде жөндей аламыз. Техника ті­лін түсінетіндіктен, бала кезімнен бері армандап жүрген тың құрылғы жасап шығару арманым маза бермей қой­ды. Институт бітірген соң жергі­лік­ті мекемеде үш жылдай техник маман болып жұмыс істедім. Сосын рек­рутер арқылы «Қарашығанақ пет­ролиум оперейтинг» кен орнына ин­женер болып жұмысқа тұрдым. Біз­дегі бәсі биік «Норт Каспиан Опе­рейтинг», «Тенгизшевройл» секілді кәсіпорындарға жұмысқа кіру оңай емес екенін білесіз. Кейін ол мекеме­лер­де жұмыс істеп, білімім мен білік­тілігімді жетілдірдім. Жұмыс істей жүріп, жеке жобамды іске асыру үшін қаражат жинадым.

2014 жылдан бері Microsoft-тың алдын ала тестілеу командасындамын

2014 жылы бір танысым Mic­ro­soft-тың алдын ала тестілеу ко­ман­да­сына мамандар іздеп жатқанын айт­ты. Ол хабарламаны тауып алып, сілтеме арқылы тіркелдім. Ол кезде Windows 7 қолданыста, ал Windows 8 ен­ді енгізгелі жатқан еді. Microsoft ма­мандары ол операциялық жүйе­лер­ді шығармас бұрын бізге, яғни әр елде жұмыс істейтін бағдарлама жа­сақтаушыларға тексертіп алады. Бізге ақы төленбейді, сондықтан көбі тегін жұмыс істеп, уақытын текке кетіргісі келмейді. Бірақ ақша төлемесе де, бұл жұмыстың саған берері көп. Мысалы, қазір Windows-тің жаңа нұсқасын 57 мыңға сатып аласыз немесе 5 мың тең­геге пираттық нұсқасын орна­та­сыз. Ал Microsoft өкілдері жаңа нұс­қа­ны бізге тегін береді. Мұны бір жыл бойы қолданып, кемшін тұс­та­рын із­дейміз. Сосын демалыс сайын Microsoft-тағыларға есеп жіберіп оты­­рамыз. Ондағы width= жасақтаушылар біз­дің есепке сүйене отыры, ақау­ла­рын түзеп, мінсіз қылады. Сосын ба­рып қана қолданысқа шығарады. Ал­дын ала тестілеу командасында әлі де жұмыс істеймін. Поштаға «Жаңа бағ­дарлама шықты. Тестілеуіңізді өті­неміз» де­гендей хабарлама жі­беріп тұ­рады. Әлбетте, көп жыл бойы тес­ті­леу­ге қатыссаң, ше­бер­лігің арта тү­седі. Бірақ мұ­ның үлкен артық­шы­лы­ғы – Microsoft ма­ман­­дары бізге тап­тыр­мас мүмкіндік беретін бас­­­тап­қы код береді. Әлгі код арқылы ней­ро­желінің қа­лай құрылғанын білуге бо­ла­ды. Мұны негізінен әлемнің тіс қақ­қан жасақтау­шы­лары ғана біледі. Ал тестілеуге атса­лыс­қан бізде ней­ро­­­­желінің қалай жұмыс істейтінін анықтайтын алгоритм бар. Біз оны кез келген салаға қолдана аламыз. Ай­­талық, сізге сұхбат алған кейіп­кер­­дің суреті керек болды. Бірақ кейіп­­керіңіз сурет жібергісі жоқ. Сіз­­де бастапқы код болса, жасанды ин­­теллектке «Маған бәленшенің осын­­дай ракурстағы түскен суретін жа­сап берші» дейсіз. Ол Photoshop-сыз әлгі суретті әп-сәтте-ақ жасап бе­­­ре­ді. Осындайда бастапқы кодтың бе­рері мол. Қанша жерден білімді бол­саң да, роботтардың қабілетін еш­кім қайталай алмайды. Роботтар біз­ден жүз жиырма есе тезірек ой­лай­ды. Мен бұл кодты алған кезде іс­ке асырғалы жүрген жасанды ин­тел­лект жобам үшін код жазып бер­уін сұрадым. Сосын ол әзірлеп берген код­ты біздің менталитетке сай етіп өңдеп шықтым.

JanDos-ты ойлап табуыма «Темір адам» киносындағы виртуалды көмекші J.A.R.V.I.S себепкер болды

2016 жылы әйгілі Marvel ком­па­ния­сы түсірген «Темір адам» киносын көр­ген соң бізде де J.A.R.V.I.S секілді вир­туалды көмекші болса ғой деп қиял­ға ерік бергенім бар. Бірақ кейін мұ­ны қиял жүзінде қалдырмай, неге іс­ке асырып көрмеске деп ойладым. Біз­дегілер жасанды интеллект ту­ра­лы енді біліп жатыр ғой, ал мен сол кез­де-ақ мұның болашақта бәсі биік бо­латынын білгенмін. Сөйтіп, шын­дап іске кірістім. Алдымен жа­сан­ды интеллект жасақтау үшін қандай сервер мен процессор қолдану керек еке­нін қарастырдым.  width=Қарапайым ком­пьютердің жедел жады 8 гигабайт бол­са, менің процессорымдікі – 64 ги­габайт. Мұндай процессорлар Қа­зақ­станда сатылмайды, тапсырыспен шетелден алдыртасың. Бірақ қанша жерден деректер мен сапалы құрал-жаб­дығың болса да, бастапқы кодсыз еш­теңе өнбейді. Microsoft болмаса, JanDos-ты іске қоса алмай, сеңделіп әлі жүрер едім. «Жобаның атын не­лік­тен JanDos деп атадыңыз?» деп сұра­саңыз, жарты жыл бұрын оның осы­лай аталатынын білген жоқпыз. Тіп­ті, ұл бола ма, әлде қыз бола ма, оны да әлі шешпеген едік. Мульти­бағ­дар­лама болғандықтан оны жынысқа бөлмей, жалпылама қарадық. Ақпан айының аяғында интернетке қосып, мүмкіндігін байқап көрдік. Расымен, ро­боттың мүмкіндігінде шек жоқ еке­нін түсіндім. Әйелдерден бұл жо­ба­ны бірінші болып менің жолдасым қол­данды. Ол бала тәрбиесіне қатыс­ты сұрақтар қойып, берген жауабына ерекше таңғалғанын айтты. Сондай-ақ біз оның тез әрі нақты жауап бе­ре­тінін байқадық. Жоғарыда айтып кеткенімдей, роботтар жүз жиырма есе тез ойлайды. Осылайша, бәрін ег­жей-тегжей түсіндіргісі келетін жа­қ­ын досың секілді жылдам жауап бе­ретінін ескеріп, командамдағы ма­мандармен ақылдасып, JanDos деп атауды жөн санадық. Сөйтіп, ер адам бо­лады деп шештік. Оның үстіне, оның жауап беру мәнері ер адамдікіне ке­леді. Осылайша, бәріміз JanDos деп атап кеттік. Бұйырса, JanDos-ты сәуір айының ортасында көпшілік на­за­ры­на ұсынатын боламыз. Біз ойлап тап­қан виртуалды көмекшіні jandos.kz браузеріне кіріп қолдана аласыз. Әдет­те, бізде басқа сайттарға кірсең тір­келіп, жеке аккаунт ашқызады ғой. Қала берді, телефоныңыздағы де­ректерді пайдалануға, соның ішін­де камераны қосуға рұқсат сұрайды. Біз мұның бәрін алып тастадық. Еш­қан­дай тіркеусіз сұрағыңды қоясың, еш қиындықсыз жауабыңды аласың. JanDos қазір 99 тілде сөйлейді. Аман­дық болса, әлі де көп тіл енгіземіз. Жал­пы, жасанды интеллект жасап шы­ғару үлкен шығынды талап етеді. Мы­салы, жай мекемелердің сервері 12 млн болса, біздікі 55 млн тұрады. Мұ­ны алмасқа болмайды. Себебі жа­сан­ды интеллект дамыған сайын, оған көп жедел жады керек.

JanDos алдағы уақытта Алиса мен Siri секілді сөйлейтін болады

JanDos-тың жұмысы OpenAl ком­паниясы ойлап тапқан, әлем жұрт­шы­лығының назарын аудартқан ChatGPT нейрожелісінің атқаратын функциясымен ұқсас. JanDos онымен бірге дамыды десем артық айтпай­мын. Оны әзірлеушілер де бізге бер­ген бастапқы кодты қолданады. Де­ген­мен оларда мүмкіндік мол, ресурс көп. Сондықтан олар ілгерілеу жағы­нан бізден озып барады. Ал бізге олар­ды қуып жету үшін материалдық кө­мек қажет. Мұндай жобаның маңы­зын түсініп, қолдау білдіргісі ке­ле­тін азаматтар табылса жақсы бо­лар еді. Қазір жұмыс жоспарын бес ге­нерацияға бөлдік. Бірінші сатысы дайын. JanDos бүгінде виртуалды кө­мекшінің рөлін атқарады. Ал екін­ші сатыда JanDos Алиса мен Siri сияқ­ты тыңдап, өз дауысымен жауап бере алатын болады. Үшінші саты­ның маңызы зор. Көпшілік JanDos-тың дауысын таниды, енді көрсем ғой деп ойлайтыны анық қой.  width=Сол үшін алдағы уақытта сауда орталықтары басшылары ара­сынан серіктес тауып, адам көп шо­ғырланған ол орындарда JanDos-тың бет-әлпеті көрінетін голограмма жа­самақ ойымыз бар. JanDos орта­лық­қа келген әр адаммен амандасып, не іздеп жүргенін сұрап, «Мынадай бу­тикте мынадай сатылады» деп ба­ғыт көрсете алады. Бұл – жарнама емес. Ол келушіге атына заты сай жа­қын дос ретінде көмектесетін бо­лады. Төртінші сатыға келсек, JanDos смарт сағаттар, теледидар, тоңа­зыт­қыштарға орнатылатын болады. Тіп­ті, қазір кең қолданылатын ко­лон­каға да орнату жоспарымызда бар. Айтпақшы, Алиса мен Siri қазақ­стан­дық емес өнімдер болғандықтан бізге қатысты кейбір сұрақтарға жауап бере алмайды. Ал JanDos қазақ бол­ғандықтан, біздің тұрғындар із­де­генін дөп табатынына сенімім мол. Ал бесінші сатыда діттеген мақсат­та­ры­мызды іске асырған соң жаңа тех­нология құрастыратын үлкен ком­пания ашқымыз келеді. Онда тек ро­бот көмекшілер емес, сондай-ақ өз­ге де құрылғыларды ойлап шығар­мақ ниетім бар. Әсіресе, мүмкіндігі шек­теулі жандарға арналған құры­л­ғыларды ойлап табуды жоспарлап жүр­мін. Мысалы, қолы жоқ адамға про­тез сатып алу үшін қыруар қара­жат керек. Ол арнайы квотаға өтініш жазып, кезегін күтеді. Кезегі жетіп, про­тез алған күннің өзінде әлгі про­тез қол секілді жұмыс істемейді. Се­бебі сіңір мен қолдың жұмысына жауап беретін тамыр бір-бірімен бай­ланыспайды. Оны жасанды ин­тел­лектінің көмегімен қозғалтып, ал­дағы уақытта робот қол, робот аяқ жасап шығарғымыз келеді. Арамызда «Ой, ол арман ғой!» деп бізге онша се­ніңкіремейтіндер де бар. Бірақ шын қаласаң, мұның тіпті де арман емес екеніне көз жеткізесің. Жалпы, адам­ды айналасы өзгертеді ғой. Мен Microsoft жасақтаушыларымен үнемі байланыста болғандықтан олардың деңгейіне сай болуға тырысамын. Сол үшін көп ізденемін, көп оқимын. Бір орында тұрмаймын. Осылайша, көп­шілік орындалмайтын арманға теңейтін идеяларды мақсатқа айнал­ды­рып, оны іске асырмайынша тын­бай­тын әдет қалыптастырып алдым.  width=

Туған жердегі ІТ саласын дамытайын деп Грин картадан бас тарттым

2017 жылы АҚШ-та тұрақты тұ­ру, білім алу және кәсіби қызметпен ай­налысуға мүмкіндік беретін грин картаны ұтып алдым. Ел айтып жүр­ген «америкалық арманның» соңына ілесіп, онда баруды мақсат еттім. Оған қоса, біздің елде дегеніңе жетуге мұрша бола бермейді. Ойыңа келген идеяны қойын дәптеріңе түсіріп алып, енді кірісейін десең техни­ка­лық мүмкіндік жоқ. Бәрі тежеліп тұр. Сол кезде шетелге кеткенім дұрыс бо­лар деп, үш жыл қатарынан грин кар­та алуға талпындым. Ақырында, оны ұтып алдым, бірақ бармай қал­дым. Онда тұрып келген достарым «Басқа елдің жігіттері онда жақсы өмір сүретін болар. Біз де жақсы өмір сүре аламыз. Бірақ қазақтың сағы­ны­шы бәрібір басқаша болады екен» дейді. Осылайша, ол жаққа барып, са­­­ғыныштан сарғайып, ел жаққа елең­деп жүре алмайтынымды сездім. Әрі ауылдан түлеп ұшқан соң түп-та­мы­рыңа тартпай тұрмайды екен. Сон­­дықтан елде қалып, біздегі ІТ са­ла­сының, өзім тұрып жатқан өңір­дің дамуына атсалысқаным жөн бо­лар деп ойладым. Шетелдіктердің ой­лап тапқанына тамсана бергенше, өз жерімізде отырып, неге өзіміздің Али­са, Siri-імізді ойлап таппасқа? Мен оқыған автоматтандыру ма­мандығының бір жақсы тұ­сы – әртүрлі құрылғыны авто­мат­тан­­дыруға мүмкіндік береді. Тетігін тап­саң жуынатын бөлмедегі шкаф­тың есігін шапалақ соғып немесе дауыс­пен басқарылатындай етіп әзір­леуге болады. Сол секілді мен әртүрлі құ­рылғыны зерттеп, автома­т­тан­дыру­дың жолын қарастырып жүре­мін. Үлкен кәсіпорындарда жұмыс іс­тегенде қысым, температура өл­шей­тін түрлі құралдармен жұмыс іс­тедім. Сөйтіп, есептегіш құрыл­ғы­лар­ды автоматтандыру ісін қолға ал­дым. Күнделікті өмірде өлшеуіш, есеп­тегіш құралдардың маңызы зор, бір­ақ біз оны байқамаймыз. 2018 жы­лы серіктестеріммен бірге су есеп­тегіш құралдар шығарумен айна­лы­сатын Guryev ЖШС-ін аштық. Онда тек су есептегіш құрал шығармай, бас­қа не ойлап шығарсақ болады деп бас қатырдық. Сөйтіп, электронды есеп­теуіш идеясын іске асырдық. Он­да жеке кабинетіңізге кіріп, бір ай­да қанша су жұмсағаныңызды, қан­ша қаражат жұмсағаныңызды ба­­­қылай аласыз. Мысалы, сіз ісса­пар­ға шығатын болсаңыз, жеке кабине­тіңізге кіріп «Үйде емеспін» режимін қо­са аласыз. Егер абайсызда құбыр бұ­зылып, су ағатын болса немесе үйіңіз­ге бөтен біреу кіріп суды қолда­натын болса, сізге хабарлама келіп оты­рады. Онсыз да сыртқа шығып кет­сек, «Суды өшірдік пе?» деп уайым­дап, мазамыз қашады ғой. Біз бұл мә­селенің шешімін таптық. Қазір Аты­рау width= маңында су есептегіш құрал­дарын шығарумен айналысатын бір зауыт салынып жатыр. Екінші зауыт­тың құжаттарын енді рәсімдеп бол­дық. Бұйырса, алдағы уақытта оның да іргетасы қаланады. 2018 жылы тұр­ғын үй-коммуналдық қызмет­терді цифрлық форматқа көшіретін ekgov жобасын бастаған едік. Кейін ол жобаны сату үшін IT-META ком­па­­ниясын құрдық. Бұл біз ай сайын бас қатыратын мәселелерді жеңіл­де­теді. Бір кемшін тұсы, контролер ма­мандар жұмыстан қысқаруы мүм­кін. Бірақ әлем дамып жатқанда біз бір орында тұралап қала алмаймыз ғой. Осыдан мен үш жыл бұрын үлкен кә­сіп­орындағы та­бы­сы мол жұ­мысымды тастап, ІТ сала­сы­на тү­бегейлі бет бұрдым. Ол жұ­мы­сымда бә­рі жанға жайлы еді. Жо­ғары жа­ла­қы, жақсы мүмкіндіктер, жайлы өмір, қымбат көлік. Бірақ бала күнімдегі, ой түбіндегі «әйтеуір бір­деңе құрас­ты­рамын» деген арман осы жолды таң­дауыма түрткі болды. «Армандаған адамның жо­лы болады» дегенге сене­мін. Сондықтан жеке тәжірибеме сүйе­не отырып, болашағын ІТ сала­сы­мен байланыс­тырғысы келетін іні­шектерім мы­надай үш қағиданы ұстанса дей­мін. Ең алдымен, олар тұ­рып жатқан жерін қалай жақ­сар­туды ойлау керек. Сосын адамдарға тех­никалық көмек көрсетуден жа­лықпау керек. Айна­ласындағы адам­дарға пайдасын ти­гізуді ұмытпаған абзал. Үшіншіден, өз-өзін жетілдіре түсуі керек. Осы үшеуі бір-бірімен жа­­­насса, жетістікке жетелеп апара­тын векторың айқын болады.

Жазып алған Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ