Сирек кездесетін дертті жеңген қыздың кітабы әлемнің 6 тіліне аударылды

Сирек кездесетін дертті жеңген қыздың кітабы әлемнің 6 тіліне аударылды

Сирек кездесетін дертті жеңген қыздың кітабы әлемнің 6 тіліне аударылды
ашық дереккөзі
Қазір «мотивация» сөзін жиі еститін болдық. Көбі бұл тақырыпта түрлі курс өт­кізіп жүрсе, Жәмилә Бақтиярқызы кі­тап жазып шығарды. Осы орайда кө­кейімізде «Қаршадай қыз қандай мо­ти­ва­циялық кітап жазуы мүмкін?» деген сұ­рақ туындауы заңды. «Күрес», «Сенім», «Жеңіс» деп аталатын үш тараудан тұратын «Бәй­ше­шек» кітабында ол өзгенің емес, өз жайын баяндайды. Он жыл бойы ауыр дертпен күрескен жасөспірім қыз сөйлей алмай, аурухана төсегіне таңулы жатқан кезде айналасындағылармен қағаз, қалам арқылы тілдескен болатын. «Қиын сәтте екі әлем мен үшін таласты, ал мен өмір үшін күрестім» деген ол бұл жолы жеңіске жету тарихын қағаз бетіне түсіруді жөн көріпті. «Түрменің қара бұрышында жатқандай сезіндім...»
«Аяқ-қолым байлаулы, айналам жү­регімнің лүпілімен жарыса ән­дет­кен аппараттарға толы, кеңір­де­гім қалың түтіктің кесірінен кеуіп кет­кен. Жанымда айнал­шық­тап бір әйел жүр. ...Кенеттен қолымның ашып жат­қанын сездім. Маған система ар­қылы бұлшық еттердің жұмысын рет­тейтін «калий» деген дәруменнің сұйық түрін тамызып жатқанын тү­сіндім. Тамырды күйдіріп тастай­тын бұл дәріні асықпай тамызу ке­рек еді, мынау болса құйылып-ақ тұр. Тамырларымның ашып жат­қа­нын айта алмаймын, білдіре де ал­май­мын. Себебі аузымда өкпемді жа­санды желдететін аппарат тұр. Қо­лымды көтеруге күш жоқ, оған қо­са төсектің шетіне байлап қойып­ты. Аяғым да байлаулы. Өзімді құд­ды бір салқын түрменің қара бұ­ры­шында жатқандай сезіндім», – дейді ша­расыз күйде жатқан Жәмилә. Оның сырқаты қаншалықты ауыр еке­нін осы сөздерден анық аңға­ра­сың.
 width= Жәмилә он жасында кенет­тен ауырып қалады. Ауру бел­гілері алдымен көзден білінген бо­латын. Айналасындағы заттар екеу болып көрініп, көз қарашығы жо­ғары қарай тартыла бастаған. Одан кейін бет бұлшық еттеріне кө­шеді. Осыдан соң өз бетімен қи­мыл­дауы да қиындай береді. Алайда ауру жанына қанша батса да, ана­сын уайымға батырғысы келмейді.
«Әдет­те қолым, аяғым немесе мойын бұлшық еттері бөлек-бөлек әл­­­сірейтін. Ал дәл қазір әлсіздік де­нем­ді түгелдей жалмады. Осы әлсіз қал­пымды анам көрмесе екен деп, аяқтарымды қолыммен кілемге тіре­дім де, қайта тұрдым. Сол күні кеш­кі асты, әкемнің жұмыстан, ағам­ның оқуынан қайтқанын асыға кү­тетін мен «олар бөгеле тұрсыншы» деп тілеумен жаттым. Біраз тынық­сам, күшім қалпына келіп, дастар­қан­ға отыруға шамам келер деп ой­ла­дым», – дейді ол.
Бірақ бұл ойы орын­далмайды. Бойын билеген сыр­қат әдемі күлкісінен де, анық шы­ғатын нәзік даусынан да айыра­ды. Бұлшық еттері тым әлсіз болған­дықтан отбасымен бір дастарқанға отырып, қолына қасық ұстап, анасы әзірлеген асты ішудің өзі арманға айналады... Ол көбіне жататын. Ата-ана­сы аяқ-қолын уқалап берсе, ағасы көңіл күйін көтеруге тырыса­ды. Әлсіздік әсіресе кешкі уақытта кү­шейеді. Күреске толы кештерде оның көз ілмеген сәттері болды. Өйт­кені «ұйықтасам ояна алмай қа­ла­мын ба, ауа жетпей қала ма» деп уайым­дайды. Мектебін де қатты сағын­ды. Білім ұясына өз аяғымен барып, партаға отырған сәт қандай ба­қыт еді?! Алдымен көзді әлсірет­кен бұл дерт он екі мүшеге түгел та­райды. Он бірге енді толған жа­сөс­пірім қыз аяғын қимылдатуға ша­масы келмегенде мектепке жүгі­ре барған кездерін елестетіп, ата-анасына «мектепке барамын» деп жылайтын. Екі жылдан кейін диагноз қойылды Дерттің емін іздеп бармаған же­рі қалмады. Әлемнің онға жуық елінің мамандарымен кеңес­кенмен, одан да нәтиже болмады. Осылайша, аурумен арпалысып шар­шаған сәтте мықты невро­пато­лог Алма Сейдуалықызымен кезде­се­ді. Екі жыл бойы белгісіз болып кел­ген дертті Алма Сейдуалықызы не­бәрі он минутта анықтап береді. Сөй­тіп, им­мунитеттің кері жұмыс іс­теуінен бұлшық етті әлсірететін миас­тения диагнозы қойылды. Бұл – сирек кез­десетін неврологиялық ауру. Алма Сейдуалықызының нұсқауымен салынған дәріден кейін жүзі күлім­де­ген Жәмилә арманына қанат бай­лап, қайтадан күрес жолына шы­ғады. Бұл қасында құрақ ұшып жүрген ата-анасына да үміт сыйла­ған еді. Ауруханадағы ұзақ күндер бұ­дан кейін де жалғаса берді. Жа­қын­дары Жәмиләның жанына кел­ген­мен, қасында көп аялдамайтын.
«Спи­рт пен хлордың иісі араласқан сал­қын бөлмеге анамның кіргенін бай­қамадым. «Қалайсың, қызым? Қай жерің ауырады? Тамағыңды бер­ді ме?» деп сұрады. Мен сөйлей ал­­­­маймын, ойымды не жанарыммен, не қара қаламның ұшымен біл­діре­мін. «Жақсы, мам. Тамақ іштім. Сіз­дер қалайсыздар?» деп жаздым. ...Баласының жан қиналысын көр­ген анада өмірге деген құштарлық қайдан болсын? Анам қолымды қат­ты қысты да, өмір мен өлім арпа­лыс­қан сол бір суық бөлмеден қайта шық­ты. Мен тағы да жалғыз қал­дым...», – дейді ол.
Жалғыздық пен сырқаттың аза­бын тартып жатқан қыз жансақтау бөліміндегі әрбір ми­нутын бағалайды. Өмірдің мәнін сол кезде тереңірек түсіне бастаған. Қор­қынышты, қараңғы, ұйқысыз түн­­дерде, жаны қиналған адам­дар­дың даусынан шошыған сәтте бір қо­лымен екінші қолын ұстап, өз-өзі­не күш беретін. Екі қолының ба­рына қуанып, «тәубе» дейтін. Таң­нан кешке дейін тамшылайтын сис­тема шаршатқан сәтте бала қия­лымен әр қиырды кезіп кетеді.  width=
«Бүгінгі таңғы асты әкемнің қо­лынан ішкім келді. Бұл тілегімді қа­ғазға жазып жеткіздім. Әкем мед­бикеден тамақ құятын шприцті тол­тырып, бейберекет шатасқан сым­дардың ішінен тамақ құйы­ла­тын жіңішке түтікті тауып, жайлап құя бастады. Тамақты өз тісіммен шай­нап, өз күшіммен жұтпағаныма біраз күн болды. ...Сансыз сымның ара­сында жатқан әлсіз денемді кө­тер­мегелі қашан...».
Осы жолдарды оқып отырып, қаршадай қыздың шыдамдылығына таңданбасқа шара жоқ. Жәмилә жансақтау бөлімін­де кездестірген медбике­лер­ді өмірінде кездескен ең мықты батырлар деп біледі. Өзі айтқандай, бұл жер нағыз майдан еді. Қаншама адам өмір үшін күресіп, жанталас­қан бөлмеде оның ең көп сырласқан ада­мы да осы медбикелер болатын. Ақ халатты абзал жандар оның көп жа­та бергеннен ойылып кеткен бе­ліндегі жараны таңып, мазь жағып, мас­саж жасап береді. Аптасына бір­неше рет жуындырып, шашын өре­ді. Өздігінен дем ала алмай, ап­па­ратта жатқан оның жанына ке­ліп, кітап оқып, түрлі ертегілер, әң­­гі­­­мелер айтып ұйықтатады. Олар­дың не айтқанын ұмытса да, мейі­рімге толы жүзі мен адал ниеті мәң­гі жүрегінде қалды. Соңғы мүмкіндік... Осылайша, сабырды серік ету­­­мен уақыт шіркін өте бер­ді. Дәрігерлер ағзаның дертті жеңіп шығатынынан үміттеніп, үш жыл бойы ем жүргізгенмен нәтиже аз болды. Енді соңғы мүмкіндік – ота жасату. Оны Кореядан келген дә­­рігерлер жасайтын болды. Жә­милә­нің шетелге бармасам екен де­ген тілегі де орындалды. Ол сау ке­зінде елінен жырақта жүруге он күннен артық шыда­ма­ға­нын айтады.
«Туған то­пы­ра­ғым – Қа­зақ­ста­ным бойыма рух сый­лай­тын. Кейде ауыр дертпен кү­рес­те туған же­рім­нің де көмегі көп бол­ды деп ой­лай­мын», – дей­ді ол. Бір там­шы су­ға зар бо­лып, ас­тың дәмін ұмыт­қан сәтте аш­­тық жылдарын бас­тан өткерген ата-ба­бамызды, бір литр қа­нын тазалауға алып ке­тіп, өңі сұрланып, жаураған сәт­те Желтоқсанның аязына төтеп бер­ген аға-әпкелерімізді есіне ал­ғанын айтады. Сөйтіп, қандай жағ­дай болса да, берілмеуге бел буады. Тө­секке таңылып жатса да, «бұл ауру­ды жеңемін де, халқыма пайдам тие­тін азаматша боламын», – дейді қай­сар қыз.
Жәмилә ауыр дертпен ар­па­лысып жүргенде қатар­лас­тары бір-біріне хат жазысып, ал­ғаш рет ғашықтық сезімді бастан өт­керіп жатқан. Мұны әлеуметтік же­ліден байқаған ол қызыға қа­рай­тын, бірақ өміріне өкпе артқан емес. Керісінше, Жаратушыға деген се­нім оның жанын жадыратты. «Ал­ғашқы махаббатым да, сенім мен се­зімге толы жаным да Аллаға ар­нал­ды. ...Мен ауруымды қатты жақ­сы көре бастадым, себебі ол мені Ал­лаға жақындатты», – дейді ол ағы­нан жарылып.  width= Кореялық хирург-дәрігерлер келген бойда отаны тезірек жасау керек екенін айтады. Бес са­ғат­қа созылған күрделі ота сәтті аяқ­талып, Жаратқанға «Өмір берші» деп жалбарынған Жәмиләның тілегі қа­был болды. Кейіпкеріміз бұл ота отан­дық дәрігерлер мен хирургтар үшін «мастер-класс» болғанын айта­ды. Шетелдік дәрігерлер биохимия­ның антиденелерін қанға тарата­тын көкірек тұсындағы айыр безін арнайы құрылғымен алып тастаған. Отадан кейін Жәмиләның жаңа өмірі басталғандай бол­­ды. 2017 жылы 10-сыныпқа бар­ған ол мектепті үздік бітіреді. Сөй­тіп, өзі қалаған Журналистика фа­куль­тетіне оқуға түседі. Он жыл бойы сирек кездесетін ауыр дертпен күрескен қыздың бұл әрекеті шы­нын­да құрметке лайық. Дәрі ішіп, аздап күш жинаған сәтте ол қолына қалам алып «Аллаға хат» жазатын.
«Ауру мені тұн­шықтыра жаздаған сол бір қиын сәт­терде көп сөйлей алмайтынмын. Ба­сымды бір изеп қойып, ойымды иша­ратпен жеткіздім. Сондай күн­дер­дің бірінде қолыма қалам алып, ақ парақтың бетіне Жаратушыма хат жаздым. Сыртында «Аллаға хат» де­ген жазуы бар, бүктелген ақ қағаз­ды әлі күнге дейін сақтап жүрмін. Сол хатта Жаратушыма бар мұңым­ды шағып, соншалық қолжетпес кө­­­рінген армандарымды және өмір­лік сценарийімді жазыппын. ...Сене­сіз бе, сол хатта жазылған әрбір сөз – менің бүгінім, барлық арман мақ­сатыма айналды», – дейді таң­да­нысын жасырмаған Жәмилә.
«Кітап менің диагнозыммен ауырып жатқан адамдардың қолына түскеніне қуанамын...» Бүгінде Астана қаласында ма­гист­ратурада білім алып жат­қан кейіпкеріміз кітапты өзі сияқ­ты қиындыққа тап болып, өмір үшін күресіп жатқан жандарға қол­дау білдіру мақсатында жазғанын ай­тады. Жәмиләның бұл тілегі де орын­далды деуге болады. Өйткені кітап­ты ауруханалар тапсырыс бе­ріп алдырып жатыр.  width=
«Бәрінен бұрын бұл кітап менің диагнозыммен ауырып жатқан адам­­дардың қолына түскеніне қуа­на­мын. «Рақмет сізге. Күресуіме ша­быт берді» деп жазылған хаттар ке­ліп жатыр. Көбі сөйлескісі, кездес­кісі келетінін айтады. «Жұғысты бол­сыншы» деп, қолымды алғысы келеді. Адам басына қиындық түссе, қай­сарлық танытып, күресуі керек. «Жа­рық күнім туады, жазыламын» деп армандау қажет. Алға қарай тал­пынуды тоқтатпау керек. Жа­қын­­дарыңның қолдауы маңызды. Де­генмен адамның ішкі сенімі бірін­ші орында. Мен кімге сендім? Қалай кү­рес­тім? Әрине, алдымен Алла­ға сендім. Бұлттан кейін күн шы­ға­тынына сендім. Бала болсам да қиял­дайтынмын. Адамның қиялы, жақсылыққа деген сенімі ағ­за­сына оң әсерін береді екен. Адам баласы бол­ғаннан кейін түрлі ой мазалай­ты­ны рас. Дегенмен үміт­ті үзбеу ке­рек», – дейді ол.
Сонымен қатар кітапта он жыл бойы жанынан табылған жақын­да­рына, дәрігерлерге, ауырып жатқан сәтте үйіне барып білім берген аяу­лы ұстаздарына және күрес жо­лын­да қол ұшын созған жандарға алғы­сын білдірген. Бас кейіпкер жасөс­пірім болғандықтан шығар, қазір бұл кітап мектеп оқушылары тара­пы­нан да үлкен сұранысқа ие. Осы­ған дейін Астана, Орал, Алматы, Тал­дықорған қалаларында арнайы кез­десулер ұйымдастырылған. Жә­милә жақында Шымкент қаласында өт­кен апталықтан үлкен әсермен оралғанын жеткізді. Қаладағы мек­теп­тер мен мүмкіндігі шектеулі жан­дарға арналған кітапханада кез­десулерде мектеп оқушылары ерек­ше әсермен қарсы алып, түрлі сұ­рақ қойғанда тосылып қалған сәт­тері болғанын айтады. Кітапхана ұжы­мы кітаптың аудио нұсқасын да жасап қойыпты.  width= Жәмиләның тырнақалды туын­ды­сын Мемлекет басшысы да оқып, құт­тықтау хатын жолдаған. Мо­тива­циялық кітап қазір ағылшын, орыс, өзбек, кәріс, испан, қырғыз тілдеріне ау­дарылып, оқырманға жол тартты.
«Кітабымды жансақтау бөлім­і­нің қараңғы бұрышында өлімнен қор­қып, өмірді сүруге әрі сүюге асық­қан қалпымда әкем мен анама «Не үшін? Неге мен?» деген сөздер­мен бастағаным да бекер емес. Кітап­тың қорытынды сөзінде мына бір ақиқатты айтамын: «Араға он жыл салып не үшін екенін де, бұл сы­наққа неге менің таңдалғаным да бел­гілі болды. Күрес үшін, Сенім үшін, Жеңіс үшін...», – деп ойын түйін­дейді автор.
[caption id="attachment_217267" align="alignnone" width="1600"] width= Газет редакциясында[/caption] Өмір деген күрестен тұрады емес пе? Әрбір адам сол күресте жеңу­­ге талпынады. Жәмиләның жеңіс­ті жолы басқаларға жұғысты бол­­­сыншы!