Адам азаптағандардың жазасы қатаңдатылады: Тоқаев жаңа заңға қол қойды

17 наурыз, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Адам азаптағандардың жазасы қатаңдатылады: Тоқаев жаңа заңға қол қойды Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы адам құқықтары, жазаны орындау, сондай-ақ азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Бұл заң – елімізде жүргізіліп жатқан саяси және құқықтық реформалар аясында Қазақстанның азаптау мен қорлаудың басқа да түрлерін жоюға, осы мәселе бойынша халықаралық нормаларды ұлттық заңнамаға енгізуге, сондай-ақ сотталғандардың құқығын кеңейтіп, түрмедегі теріс субмәдениеттің қалыптасуына жол бермеуге бағытталған жүйелі қадамдардың жалғасы. Атап айтқанда, құжатта мынадай нормалар қарастырылған: Сонымен қатар Заң сотталған адамдарға бірқатар қосымша құқық береді: Жалпы заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер адам құқықтарын сақтауға берілетін кепілдіктерді арттырады. Сонымен қатар қауіпсіздік шараларын күшейту, олардың түзелуіне және қоғамға бейімделуіне мүмкіндік жасау арқылы сотталған адамдардың түрмедегі жағдайын жақсартуды көздейді. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.