Жаңалықтар

Өзбектермен айқас: ӘЧ-дағы қазақстандық боксшылардың жекпе-жегіне трансляция

ашық дереккөзі

Өзбектермен айқас: ӘЧ-дағы қазақстандық боксшылардың жекпе-жегіне трансляция

Бүгін Нью-Делиде әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының екінші жарыс күні басталады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстан құрамасынан рингке екі боксшы шығады, екеуі де Астана уақытымен 18:30-да басталатын кешкі сессияда айқасады. Алдымен 60 келіде өнер көрсететін Римма Волосенко өзбекстандық Ситора Турдибековамен А рингінде қолғап түйістіреді. Одан кейін соңғы жұпта, В рингінде 81 келідегі Фариза Шолтай Тринидад және Тобаго елінің өкілі Лиэнн Будрэммен бетпе-бет келеді. Жекпе-жектердің трансляциясы Qazsport арнасының сайтында қолжетімді.