Валюта бағамы: бүгін доллар қанша теңгеден сатылып жатыр?
Валюта бағамы: бүгін доллар қанша теңгеден сатылып жатыр?
Қазақстанның Ұлттық банкі 17 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі деп хабарлады turkystan.kz.
Жұмада доллар бағамы тағы 1,39 теңгеге көтеріліп, 466,15 теңге болып бекітілді.
Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 463 теңгеден сатып алынып, 466,5 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 461 теңгеден сатып алынып, 465 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы:
USD / KZT – 466,15 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 494,82 (еуро)
RUB / KZT – 6,1 (ресейлік рубль)
TRY / KZT – 24,75 (түрік лирасы)
CNY / KZT – 67,57 (қытай юані)
KGS / KZT – 5,33 (қырғыз сомы)
UZS / KZT – 4,08 (өзбек сомы).