Жайық өзенінде су деңгейі көтеріле ме?
Жайық өзенінде су деңгейі көтеріле ме?
Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінде су деңгейі көтерілуі мүмкін деп хабарлады turkystan.kz.
Облыс әкімінің орынбасары Ержан Балтаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткеніндей, Жайық өзені наурыздың соңы мен сәуірдің басында тасуы ықтимал. Сарапшылардың есептеуінше, ондағы су деңгейі 700-800 сантиметрге дейін жетуі мүмкін. Қазіргі кезде Шаған өзенінде су деңгейі көтеріліп жатыр.
Е.Балтаевтың сөзінше, бір аптаның ішінде қардың 60 пайызының күрт еруіне және тоңның қалыңдығына байланысты өңірде күрделі жағдай қалыптасып, Орал қаласы мен бес ауданда төтенше жағдай жарияланды.
Су тасқынының алдын алу бағытында 2023-2025 жылдарға арналған жол картасы және инженерлік жобалар аясында өткен жылы тиісті іс-шаралар атқарылды. Мысалы, Тасқала, Зеленый, Жалпақтал, Шалғын ауылдары маңында бөгеттер мен арналар тазартылды. Соның нәтижесінде тасқынға тосқауыл қойылды.
[caption id="attachment_217209" align="alignnone" width="1210"]