«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында кеңес отырысы өтті

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында кеңес отырысы өтті

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында кеңес отырысы өтті
ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясының Абай облыстық сайлауалды штабында «Бақытты Отбасы» жобасы аясында қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, көшбасшылары және партия серіктестерінің қатысуымен кездесу өтті.

Жиынға «AMANAT» партиясы филиалы жанындағы «Міrаѕ» қоғамдық кеңесінің мүшесі Людмила Асташкина, «AMANAT» партиясы филиалы жанындағы «Отбасы» және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы, «Отбасы Орталығы» ҚҚ президенті Жанна Жибраева, Абай облысы бойынша Балақұқықтары жөніндегі уәкіл Эльзира Жүнісова, нашар көретіндерге арналған интернат меңгерушісі Жанна Ибраева, «Күміс» ерікті Ғайни Тоқтарғазина шақырылды.

«AMANAT» партиясының Абай облысының сайлауалды штабының өкілі Жанна Үйсімбаева және «AMANAT» партиясынан Абай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Шағангүл Жанаева жобаның қолданыстағы мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Жобаның өзі 2014 жылы іске қосылды. Оның негізгі мақсаты қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқат деңгейінарттыру үшін жағдай жасау және шараларды күшейту. «Бақытты Отбасы» жобасы шеңберінде Қазақстанның барлықөңірлерінде 2324 жедел топтар жұмыс істейді. Жан-жақтыпсихологиялық, заңгерлік және консультациялық көмек көрсету бойынша байланыс орталығы құрылған.

"Балаларға арналған қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым" акциясы шеңберінде рейдтер жүргізілуде, әлеуметтік осал отбасыларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциялары өтті, балаларды, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардытәрбиелеу үшін отбасын қолдау орталықтары ашылды. Сондай-ақ жоба өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасызетуге бағытталған. Жоба аясында 2022 жылы рейдтер барысында аулаларда 94 люк пен 123 электр қалқаны жабылды, жалпы саны 147 мыңнан астам адамды қамтитын 8,6 мыңнан астам іс-шара өткізілгенін айта кету керек.            

Абай облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.