Канал суына құлаған 7 жасар бала көз жұмды

Канал суына құлаған 7 жасар бала көз жұмды

Канал суына құлаған 7 жасар бала көз жұмды
ашық дереккөзі
Атырау облысында канал суына құлағандар бір отбасының балалары болып шықты деп хабарлады  turkystan.kz. Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, канал суына батқандардың екеуі де бір отбасының балалары болып шыққан. «Құрманғазы ауданының Бірлік ауылдық округінде тұратын бір отбасының ағалы-інілі екі баласы ойнап жүріп, абайсызда Щучье каналының шұңқырына құлап кеткені анықталды. Канал суына алдымен 2016 жылғы інісі батқан. Оның құлағанын көрген 10 жасар ағасы құтқармақ болып, суға секірген. Сол маңда бірге ойнап жүрген балалар үлкендерді көмекке шақырған. Көмекке жеткен тұрғындар 2 баланы да судан шығарып алған. Алайда, 2016 жылғы бала оқиға орнында көз жұмған», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобы. Ал, 10 жасар бала ауылдағы жедел-жәрдем көлігімен аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында, жағдайы қалыпты деп бағаланып отыр.