Сенбі, 10 Маусым, 2023

Елордада ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтаған адам ұсталды

Елордада аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтаған 26 жастағы адам ұсталды деп хабарлады  turkystan.kz  polisia.kz cайтына сілтеме жасап.

«Күдікті тұрған пәтерді тінту кезінде ерекше иісі бар ақ түсті зат салынған 700-ден астам түйіншек табылды және тәркіленді. Сараптама көрсеткендей, зат салмағы шамамен 1 кг 200 гр мефедрон болып шықты. ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындады және ол қамауға алынды»,- делінген полиция хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button