Кейбір қазақстандықтардың жәрдемақысы 14,5%-ға өседі

Кейбір қазақстандықтардың жәрдемақысы 14,5%-ға өседі

Кейбір қазақстандықтардың жәрдемақысы 14,5%-ға өседі
ашық дереккөзі
Парламент сенаты қабылдаған Әлеуметтік кодекс жобасы аясында кейбір санаттағы азаматтардың жәрдемақысы 14,5%-ға өседі деп хабарлады turkystan.kz.
Азаматтардың кейбір санаты үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы 14,5%-ға өседі, - деді ол сенаттың жалпы отырысында.
Олар: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар; бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтындар; саяси қуғын-сүргін құрбандары және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер адамдар; ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар. Депутаттың айтуынша, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі және бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғанға күтім жасауды жүзеге асыратын сотталған адамдарға мемлекеттік жәрдемақы алу құқығын беру қамтылған. Жәрдемақы сомасы шамамен 65 мың теңгені құрамақ. Қазіргі кезде бірінші топтағы мүгедектігі бар 54 адам сотталған. Сонымен қатар жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін жеке көмекшілерді міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтамасыз ету ескерілген.