«AMANAT»: еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыруға жұмыстанамыз

«AMANAT»: еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыруға жұмыстанамыз

«AMANAT»: еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыруға жұмыстанамыз
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық штабының мүшелері Талсуат ауылдық округіндегі облыстық оңалту орталығының ұжымы және ауыл тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Оңалту орталығындағы кездесуде сөз алған үміткер Гүлшат Мұсаева: «Ең бірінші – халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту қажет. Бұл дегеніміз - халықтың санасына денсаулықтың қадірін ұғынуды сіңіріп, аурулардың алдын алуға айрықша көңіл бөлу. Халықаралық үздік тәжірибелерге сүйенсе, медицинаны дамытудың басты жолы қоғамдық денсаулық қызметін қалыптастыру екен. Оның міндеті – санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық, ветеринарлық қызмет мекемелерімен бірлесе отырып, халықтың денсаулық туралы ұғымын кеңейту, тиісті кеңестер беру, саламатты өмір салтын насихаттау және осындай жүйелі жұмыстар негізінде елдің денсаулығын нығайту. Сондықтан ұлтының жарқын болашағын ойлаған мемлекет алдымен азаматтарының денсаулығына көңіл бөледі деп айта аламыз»,- деді облыстық мәслихат депутаттығына кандидат.  width= Сонымен қатар, үгіт жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін екі еседен астам ұлғайту, ішкі нарықты отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету және оларды дамыту мәселелері сөз болды. «Еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру мақсатына қол жеткізу үшін жоғары сапалы тұқымдарды, минералды тыңайтқыштарды, заманауи техника мен технологияны, суармалы егіншілікті қолдану қажет. Сондай-ақ тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, тұқым өсіру шаруашылықтарын қазіргі заманғы техникамен жарақтандыру есебінен дамыту жоспарланып отыр»,-деді кандидат Мақсұт Нәлібаев. Сондай-ақ, партия «Жер аманаты» жобасын сәтті жүзеге асырып келеді. Былтыр 5 млн. гектардан астам пайдаланылмаған жер қайтарылды және бұл жұмыс одан әрі жалғасады. «Ауыл шаруашылығы жерлерін әділ әрі ашық бөлуді және пайдалануды іске асыру үшін біз ғарыштық мониторингті дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырамыз, электронды жер кадастрына ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеміз», – деді облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Нұрболат Ибраев. Кездесу соңында ауыл тұрғындары кандидаттарға сұрақтарын қойып, одан соң 19 наурыздағы сайлауға белсене қатысатындарын жеткізді.  width=

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.