Жаңалықтар

«AMANAT»: еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыруға жұмыстанамыз

ашық дереккөзі

«AMANAT»: еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыруға жұмыстанамыз

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық штабының мүшелері Талсуат ауылдық округіндегі облыстық оңалту орталығының ұжымы және ауыл тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Оңалту орталығындағы кездесуде сөз алған үміткер Гүлшат Мұсаева: «Ең бірінші – халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту қажет. Бұл дегеніміз - халықтың санасына денсаулықтың қадірін ұғынуды сіңіріп, аурулардың алдын алуға айрықша көңіл бөлу. Халықаралық үздік тәжірибелерге сүйенсе, медицинаны дамытудың басты жолы қоғамдық денсаулық қызметін қалыптастыру екен. Оның міндеті – санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық, ветеринарлық қызмет мекемелерімен бірлесе отырып, халықтың денсаулық туралы ұғымын кеңейту, тиісті кеңестер беру, саламатты өмір салтын насихаттау және осындай жүйелі жұмыстар негізінде елдің денсаулығын нығайту. Сондықтан ұлтының жарқын болашағын ойлаған мемлекет алдымен азаматтарының денсаулығына көңіл бөледі деп айта аламыз»,- деді облыстық мәслихат депутаттығына кандидат.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.