Жаңалықтар

AMANAT»: Абай облыстық сайлауалды штабы патриоттық акция өткізді

ашық дереккөзі

AMANAT»: Абай облыстық сайлауалды штабы патриоттық акция өткізді

Семейдегі Абай алаңында «AMANAT» партиясының Абай облыстық сайлауалды штабы патриоттық акция өткізді. Партияның облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қуаныш Сүлейменов алғашқы сөзді алды. «Құрметті жерлестер! Құрметті партияластар! Сіз бен біздің Отанымыз бір! Біз бәріміз бір елдің азаматтарымыз. Біз еліміздің гүлденуі үшін өмір сүретін адамдармыз! Біз Қазақстанның әлемдегі ең үздік елдердің бірі болғанын қалаймыз! 19 наурызда еліміздің азаматтары өз таңдауын жасайды және осы саяси науқанда белсенді болуға шақырамын!», - деді Қуаныш Сүлейменов. Абай облысының «AMANAT» партиясының сайлауалды штабы патриоттық акциясы аясында депутаттыққа кандидаттармен бірге Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, Отан алдындағы адалдықтарын танытты.

Абай облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.