Ақмола облысындағы екі ауылға қазақша атау берілуі мүмкін

Ақмола облысындағы екі ауылға қазақша атау берілуі мүмкін

Ақмола облысындағы екі ауылға қазақша атау берілуі мүмкін
ашық дереккөзі
Бұланды ауданындағы екі ауылға жаңа атаулар берілетін болады. Ашық НҚА порталында Ақмола облысы әкімдігінің тиісті қаулысы мен мәслихат шешімінің бірлескен жобасы орналастырылған. Құжаттарға сәйкес, ауыл атауын өзгерту ұсынылады: Ақмола облысы Бұланды ауданы Ергол ауылдық округі – Ақмола облысы Бұланды ауданы Тоқтамыс ауылы; Ақмола облысы Бұланды ауданы Қарамышев ауылдық округі – Ақмола облысы Бұланды ауданы Шұбарағаш ауылы атауына ие болады. Бірлескен құжат жобасының түсіндірме жазбасында бұл шешімдер «Ақмола облысында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру мақсатында» ұсынылып отырғаны айтылған. Ақмола облысы әкімдігінің бірлескен қаулылары және Ақмола облыстық мәслихатының шешімдері алғашқы ресми жарияланған күнінен 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.