Кандидаттар «Отбасы Банк» өңірлік филиалының ұжымымен жүздесті

Кандидаттар «Отбасы Банк» өңірлік филиалының ұжымымен жүздесті

Кандидаттар «Отбасы Банк» өңірлік филиалының ұжымымен жүздесті
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясынан Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар «Отбасы Банк» өңірлік филиалының ұжымымен кездесті. Онда партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтары, олардан күтілетін нәтижелер мен басымдық берілген бағыттар кеңінен талқыланды. Кездесуде үміткер Мақсұт Нәлібаев «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қоғамның сұраныстарына орай партия атқаратын 10 міндет айқындалғанын айтты. «Біздің ортақ, түпкі мақсатымыз – халықтың тұрмысын жақсарту. Яғни, әлеуметтік қолдау түрлерінен бастап, ауылды дамыту, жастарды демеу, экологияны жақсарту, су, жарық, жол, интернет желісі секілді игіліктерді баршаға қолжетімді ету», - деді М.Нәлібаев.  width= Ал облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Мұрат Жұмаділдаев сайлауалды бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстарға жауапты адамды атап өтті. Ол сондай-ақ бұл іс-шараға қанша қаражат қажет кететінін, ақша қайдан бөлінетінін және оның жүзеге асырылу мерзімін тілге тиек етті. «Бұл халықтың сұраныстарын сапалы, уақытылы қанағаттандыру мақсатындағы кешенді жұмыстарды айқындап отырған маңызды құжат»,-деді Мұрат Жұмаділдаев. «Отбасы Банк» ұжымымен кездесу барысында осындай маңызды мәселелерді қозғаған кандидаттар сайлауға белсенді қатысуға шақырды. Ұжым мүшелері тұрғындарды баспанамен қамтуда партияның алға қойған мақсаттарын орындауда аянып қалмай қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.