Жаңалықтар

Отбасылық телеарна 30 жылдығын атап өтеді

ашық дереккөзі

Отбасылық телеарна 30 жылдығын атап өтеді

Отбасылық телеарна жаңа мерейтойлықмаусымның тұсаукесерін өткізді. Бүгінкомпанияның жетістіктері мен алдағыжоспарлары туралы 31 арнаның Бас директоры Құрманбек Жұмағали айтып берді.

«31» алғаш рет эфирге 1993 жылы шықты. Телеарна құрылған күннен бастап елде және әлемде болып жатқан маңызды оқиғаларды қалт жібермей, «үзіліссіз» хабар таратып келеді. Отыз жыл ішінде 31 арна отандық журналистикада мықты кадрлар дайындаған үздік ұстаханалардың біріне айналды. Әр жылдары қызмет еткен және жұмысын жалғастырып келе жатқан мамандар көрермендерге эксклюзивті жобалар мен тәуелсіз зерттеулер, бірегей контент ұсынып келеді.

«Бұл көрсеткіш әлі де өседі. Біз қысқа мерзім ішінде ТОП-3 телеарна қатарына енуді негізгі мақсат етіп айқындадық», –  деді Құрманбек Жұмағали.

2020 жылмен салыстырғанда телеарнаның қазіргі табыс деңгейі отыз пайызға артқан. Нәтижесінде жылдар бойы қордаланған негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік туды.