Ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға 1 трлн теңге бөлуге күш салынады

Ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға 1 трлн теңге бөлуге күш салынады

Ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға 1 трлн теңге бөлуге күш салынады
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының өкілдері бірнеше өңірді аралап, облыс орталығынан ең шалғай ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп қайтты. Атап айтқанда, партия белсенділері, Май, Баянауыл, Аққулы аудандарында және Ақсу ауылдық аймағында болып, сайлаушылардың талап-тілектерін тыңдады. ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер Нұржан Әшімбетов, облыс мәслихат депутаттығына үміткер Қуаныш Ботин, Дулат Әбетжанов бастаған үгіт-насихат тобы  Баянауыл ауданына барды. Алдымен Аймауытов ауылында тұрғындармен кездесіп, жергілікті халықтың мәселесіне назар аударды. Аймауытов ауылының тұрғындары малдың қысқы азығын дайындау, ауыл шаруашылығы  техникасының бағасын реттеу, ет бағасын реттеу сынды мәселелер көтерді. Яғни, делдалдар ет өнімдерін ауыл тұрғындарынан 1800 теңгеге алып, қалаға 2800 теңгеден сатады. Осылайша малдың пайдасын баққан адам емес, басқалар көріп жатыр деп дабыл қағуда. Ақши ауылында да шешімін күткен мәселелер бар. Атап айтсақ, бұрын жұмыс істеп тұрған бастауыш мектеп жабылып қалған. Қазіргі күні ауылда бастауыш сыныпқа баратын бала саны өсуде. Міне, сол білім мекемесін қайта ашу қажет.  width= «AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының өкілдері барлық мәселелерді белгілеп, жеке бақылауларына алды. «AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының өкілдері үгіт-насихат жұмыстарымен Аққулы ауданы ауылдарын аралды. Алғашқы кездесу Ямышево ауылында болып, сайлаушылармен кездесті. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Раушан Даумова, Ирина Чидунчи және аудандық мәслихат депутатына үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
- Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы ғана елімізде конституциялық референдум өтіп, көптеген жаңа өзгерістер орын алды. «AMANAT» партиясында нақты іске асыруға негізделген бағдарлама бар. 19 наурыз күні сайлауда дауыс беріп, белсенділік көрсетуге шақырамын,  - деді Раушан Даумова.
Ямышево ауылының тұрғындары мектеп құрылысы, жол жөндеу, азық-түлік қымбатшылығы мәселелерін көтерді. «AMANAT» партиясының атынан облыстық  мәслихат депутаттығына үміткер Шахман Ертарғын, Эрназарова Жамиля,  Сахипова Сания бастаған партия белсенділері Май ауданына барып, Ақшиман, Жұмыскер, Көктөбе ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.  width= Партия белсенділері, сонымен қатар, «Ақжар өндірісіне» барып, жұмысшылармен кездесті. Кандидаттар ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасында ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыс жоспарларымен бөлісті. Мәселен, 2027 жылға дейін ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғыртуға 1 триллион теңге бөлуге күш салынады. Алдағы жылдары ауылдарды таза ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілуге тиіс. Қазіргі күні жеке қосалқы шаруашылықтар кооперациясы арқылы ауыл халқының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасын іске жүзеге асырылуда.
- Біз бүгінгі сапарымызда облыс орталығынан ең шалғай орналасқан ауылдарды аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігімен таныстық. Себебі, «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі – ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту. Партияның сайлауалды бағдарламасында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету және халықтың салауатты өмір салтын нығайту  мәселелері көзделген, - деді Ертарғын Шахман.
«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының өкілдері Ақсу ауылдық аймағына да барып, тұрғындармен кездесті. "AMANAT" партиясы атынан облыстық мәслихат депутатына үміткер Салтанат Әубәкірова, Александр Толмачев, Еламан Асылбеков және Ақсу қалалық мәслихатына үміткерлер сайлаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Әр ауылдың тұрғындары әртүрлі мәселелермен жүгінді. Қалқаман ауылы тұрғындарын еңбекақының төмендігі, қоғамдық жұмысқа төленетін жәрдемақының аздығы мазалайды. Ақжол ауылының халқы ауыл клубы, балабақша, спорт кешені мәселелерін көтерді. Ал Құркөл ауылында шопан және механизатор мамандығы бойынша адам жетіспейді.
- Мен жоғары оқу орнында жұмыс істеймін. Сондықтан, жастардың сапалы білім алу және ғылыммен айналысу мүмкіндігін арттыру маңызды деп білемін. "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасында барлық деңгейлерде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету қарастырылған. Біздің міндетіміз − өңірдің барлық балалары үшін білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарында білім алушылар үшін қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасалуы етілуі тиіс, - деді Салтанат Әубәкірова.
Аманаттықтар партияның «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасында ауыл үшін қандай жұмыстар атқарылып, қандай мүмкіндіктер жасалатынын айтып, тұрғындардың сұрағына жауап берді.

Дайындаған: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А

Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко

Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді. *Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.