- Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы ғана елімізде конституциялық референдум өтіп, көптеген жаңа өзгерістер орын алды. «AMANAT» партиясында нақты іске асыруға негізделген бағдарлама бар. 19 наурыз күні сайлауда дауыс беріп, белсенділік көрсетуге шақырамын, - деді Раушан Даумова.Ямышево ауылының тұрғындары мектеп құрылысы, жол жөндеу, азық-түлік қымбатшылығы мәселелерін көтерді. «AMANAT» партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Шахман Ертарғын, Эрназарова Жамиля, Сахипова Сания бастаған партия белсенділері Май ауданына барып, Ақшиман, Жұмыскер, Көктөбе ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.
- Біз бүгінгі сапарымызда облыс орталығынан ең шалғай орналасқан ауылдарды аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігімен таныстық. Себебі, «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі – ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту. Партияның сайлауалды бағдарламасында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету және халықтың салауатты өмір салтын нығайту мәселелері көзделген, - деді Ертарғын Шахман.«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының өкілдері Ақсу ауылдық аймағына да барып, тұрғындармен кездесті. "AMANAT" партиясы атынан облыстық мәслихат депутатына үміткер Салтанат Әубәкірова, Александр Толмачев, Еламан Асылбеков және Ақсу қалалық мәслихатына үміткерлер сайлаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Әр ауылдың тұрғындары әртүрлі мәселелермен жүгінді. Қалқаман ауылы тұрғындарын еңбекақының төмендігі, қоғамдық жұмысқа төленетін жәрдемақының аздығы мазалайды. Ақжол ауылының халқы ауыл клубы, балабақша, спорт кешені мәселелерін көтерді. Ал Құркөл ауылында шопан және механизатор мамандығы бойынша адам жетіспейді.
- Мен жоғары оқу орнында жұмыс істеймін. Сондықтан, жастардың сапалы білім алу және ғылыммен айналысу мүмкіндігін арттыру маңызды деп білемін. "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасында барлық деңгейлерде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету қарастырылған. Біздің міндетіміз − өңірдің барлық балалары үшін білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарында білім алушылар үшін қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасалуы етілуі тиіс, - деді Салтанат Әубәкірова.Аманаттықтар партияның «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасында ауыл үшін қандай жұмыстар атқарылып, қандай мүмкіндіктер жасалатынын айтып, тұрғындардың сұрағына жауап берді.
Дайындаған: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А
Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко
Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді. *Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.