Жаңалықтар

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Ақтөбе облысында кездесу өткізді

ашық дереккөзі

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Ақтөбе облысында кездесу өткізді

«AMANAT» республикалық сайлауалды штабының мүшелері Ақтөбе облысында өңір жұртшылығымен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, дәрігерлермен және басқалармен кездесті. «Әділетті қоғамның ажырамас бөлігінің бірі – заң үстемдігі. Барлық жерде – әр қала мен ауылда, жолдар мен аулаларда, ғимараттар мен қоғамдық орындарда, үйде және отбасында қауіпсіз болуы керек. Ол үшін әрбір азамат өз құқықтары мен міндеттерін түсінуі тиіс», - деп атап өтті штаб мүшесі Бердібек Сапарбаев. Бұдан соң партиялықтар арнайы киім шығаратын кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Салада мамандардың жетіспеушілігі және тұрақты түрде ұзақ мерзімді тапсырыстардың болмауы сияқты бірқатар проблема бар. Штаб мүшелері өңірдегі мәдениет және спорт қызметкерлерімен мәдени мұраны сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелерін талқылады.