Әйелімен ажыраспақ болған Астана тұрғыны имамды 13 жерден пышақтаған

Әйелімен ажыраспақ болған Астана тұрғыны имамды 13 жерден пышақтаған

Әйелімен ажыраспақ болған Астана тұрғыны имамды 13 жерден пышақтаған
ашық дереккөзі
Астана қаласында әйеліне ашуланған ер адам мешітке келіп, имамды 13 жерден пышақтаған деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 1990 жылы туған Жібек Жолы ауылының тұрғыны әйелімен ұрсысып қалып, елордалық мешітке барғанын мәлімдеді. Ол мешітте дін жолымен ажыраспақ болған.
«Ашу үстінде келіп, намаз оқып жатқан имамға пышақ ұрған. Ер адам ұсталды, Астана қаласы ПД Алматы ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр», – делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.
Имам ауруханаға жатқызылды, жағдайы ауыр. Ал күдіктінің әйелі үйінде сірке суын ішіп, суицид жасамақ болған. Әйел Астанадағы 1 қалалық ауруханасына жатқызылды.