Кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын Ақтүбек ауылында жалғастырды

Кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын Ақтүбек ауылында жалғастырды

Кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын Ақтүбек ауылында жалғастырды
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы, сайлауалды штаб жетекшісі, партиялық тізім бойынша Ұлытау облыстық мәслихатына кандидат Бауыржан Шыңғысов бастаған кандидаттардан құралған топ Қызылжар мен Түгіскендегі кездесулерді тәмамдаған соң, Ақтүбекке келіп тоқтады. Мұнда тұрғындармен кездесіп, жиынның басы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірумен басталса, әрі қарай жүру барысы еркін пікір алмасу форматында өтті. Кездесу барысында партияның алдағы кезеңде атқарар жұмыстары туралы және ауылдарды дамыту жөнінде партияның ұстанымы сөз болды. Өз кезегінде тұрғындар, малдардың жайылымы мәселесін көтеріп, инфрақұрылымдарды қайта қарастыру ауадай қажет екенін айтты. Сондай-ақ жаңадан көпір салынып, мектептегі спорт залдың құрылысы аяқсыз қалғанын жеткізді. Кагнндидаттар көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, «AMANAT» партиясы әрдайым халықтың жағында деп атап өтті.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.