Жаңалықтар

Денсаулық сақтау ғимараттарының тозуы 30%-ға дейін төмендейді

ашық дереккөзі

Денсаулық сақтау ғимараттарының тозуы 30%-ға дейін төмендейді

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар А. Шамшадинова, Б.Боранбаев,  Д.Донских, В.Трифонов, Н.Лазарұлы, П.Сармурзина, Ш.Ильмұханбетова, Д.Тангиев  Ақтау қаласындағы бірқатар ұжыммен кездесті. Кандидаттар алдымен Ақтау қалалық №2 емханаға барды. Кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып,  ондағы медицина  саласын дамытуға арналған бағытқа кеңінен тоқталды. «AMANAT» партиясы өткен екі жылда өңірдегі медицина саласының қолжетімділігін арттыру үшін бірқатар жұмыстар атқарған болатын. Атап айтар болсақ, Мұнайлы ауданында 150 орындық орталық аудандық аурухананың құрылысы басталды. Одан бөлек, санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етілді. Партия осындай  нәтижелі жұмыстарды іске асыруды тоқтатпайды. Алдағы бес жыл ішінде  10 денсаулық сақтау обьектісіне күрделі жөндеу жүргізіп, денсаулық сақтау ұйымдарына жыл сайын кемінде 20 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруды көздейді», - деп атап өтті өз сөзінде Нури Лазарұлы. Айта кетейік, партияның медицина саласына қатысты жоспарлаған шараларының нәтижесі халықтың өмір сүру ұзақтығын 74 жастан 76 жасқа дейін ұлғайтуға, денсаулық сақтау ғимараттарының тозуын 30%-ға дейін төмендетуге және денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын шешуге мүмкіндік береді. Кандидаттар келесі кездесуді «Каспий жылу су арнасы» қызметкерлерімен жалғастырды.