Оқушылардың көктемде қанша күн демалатыны белгілі болды

Оқушылардың көктемде қанша күн демалатыны белгілі болды

Оқушылардың көктемде қанша күн демалатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Оқу-ағарту министрлігі 9 күнге созылатын көктемгі демалыс күндерін жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
«Оқушылардың көктемгі демалысы 2023 жылдың 18 наурызы мен 26 наурыз аралығында, яғни 9 күн демалады», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
2022 жылғы желтоқсанда меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі белгіленді. Оқу жылының негізгі мерзімі 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығы: 1-11 (12) сыныптардағы оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың ұзақтығы: 1 тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі каникул – 7 күн (31 қазан мен 6 қараша аралығы); 2 тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 9 күн (31 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін); 3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 9 күн (18-інен 26 наурыз аралығы); 4 тоқсан – 10 оқу аптасы.