Боксшы қыздардың әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Боксшы қыздардың әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Боксшы қыздардың әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды
ашық дереккөзі
Бокстан әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатында біздің қыздардың қарсыластары анықталды деп хабарлады turkystan.kz bassport.kz сайтына сілтеме жасап. Жеребе қорытындысы: 48 келі: Алуа Балқыбекова - Кей Ван Чи Вай (Сингапур); 50 келі: Назым Қызайбай - Тхи Там Нгуен (Вьетнам); 52 келі: Жазира Орақбаева - Чан Ча-Сун (Тайвань); 54 келі: Жайна Шекербекова - Аэ Жи Им (Оңтүстік Корея) / Мария дель Кармен Мадуэно (Испания); 57 келі: Карина Ибрагимова - Намуун Монхор (Моңғолия) / Валерия Арболеда (Колумбия); 60 келі: Римма Волосенко - Ситора Тұрдыбекова (Өзбекстан); 63 келі: Аида Әбікеева - Ургуя Ус (Түркия) / Ян Ченгю (Қытай); 66 келі: Надежда Рябец - Сен Суджин (Оңтүстік Корея); 70 келі: Мадина Нұршаева - Хонг Ген Чой (Оңтүстік Корея); 75 келі: Валентина Хальзова - Мариэлис Ириса (Венесуэла); 81 келі: Фариза Солтай - Лианн Будрем (Тринидад және Тобаго); +81 келі: Ләззат Күнгейбаева - Абиола Джекман (Гайана) / Нупур (Үндістан). Айта кетейік, әлемдік дода 15-26 наурыз аралығында Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтеді. 15 наурызда турнирдің ашылу салтанаты, жеребе тарту рәсімі және салмақ өлшеу шарасы ұйымдастырылады. 16-22 наурыз аралығында екі сессия бойынша боксшылар қолғап түйістіреді. Елорда уақытымен 14:30-да - күндізгі, 18.30-да кешкі сессия болады. 23 наурызда жартылай финал өтеді, ал жаңа әлем чемпиондары 25-26 наурызда анықталады.