Бұрынғы әлем чемпионы Головкинді рингке шақырды

Бұрынғы әлем чемпионы Головкинді рингке шақырды

Бұрынғы әлем чемпионы Головкинді рингке шақырды
ашық дереккөзі
Екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы, америкалық Дэнни Гарсия қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуді қалайтынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. Бірақ алдымен Гарсия орта салмақтағы WBA әлем чемпионы, кубалық Эрисланди Лараны жеңуі тиіс.
«Содан кейін (Ларамен айқастан кейін) ең үлкен жекпе-жек өткізгім келеді. Осы айқастан кейін орта салмақтағы чемпион атанамын. Мүмкіндігінше ең үлкен айқаста жұдырықтасатын боламын. (Эррол) Спенспен матч-реванш өткіземін, «Канело», GGG (Геннадий Головкин), бәрімен айқасамын. Ең үлкен кездесулер осы жекпе-жектен кейін өткенін қалаймын», - деді Гарсия.