Жаңалықтар

Бұрынғы әлем чемпионы Головкинді рингке шақырды

ашық дереккөзі

Бұрынғы әлем чемпионы Головкинді рингке шақырды

Екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы, америкалық Дэнни Гарсия қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуді қалайтынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. Бірақ алдымен Гарсия орта салмақтағы WBA әлем чемпионы, кубалық Эрисланди Лараны жеңуі тиіс. «Содан кейін (Ларамен айқастан кейін) ең үлкен жекпе-жек өткізгім келеді. Осы айқастан кейін орта салмақтағы чемпион атанамын. Мүмкіндігінше ең үлкен айқаста жұдырықтасатын боламын. (Эррол) Спенспен матч-реванш өткіземін, «Канело», GGG (Геннадий Головкин), бәрімен айқасамын. Ең үлкен кездесулер осы жекпе-жектен кейін өткенін қалаймын», - деді Гарсия.