Бейсенбі, 8 Маусым, 2023

Атырауда 3 гектар аумақта қамыс өртенді

Атырауда канал жағасындағы 3 гектар аумақта қамыс өртенді деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, қамыс өрті туралы 15 наурызда сағат 16:38-де хабар түскен.

«Атырау қаласының маңындағы Новокирпичный елді мекенінде орналасқан каналдың жағасында қамыс өртенді. Жалынды сөндіруге өрт сөндіру және авариялық-құтқару жедел қызметінің 9 қызметкері мен 3 арнайы техника тартылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде «Атақоныс» шаруа қожалығының аумағында далалық шөптің жанып жатқаны анықталды. Қамыс өрті 3 гектар аумаққа жайылған. Жалын кешкі сағат 19:50-де толықтай сөндірілді», – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Атырауда 3 гектар аумақта қамыс өртенді
Фото: Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button