УЕФА EURO-2016-ға қатысқан қазақстандық клубтарға 1,2 млн еуро бөлді

УЕФА EURO-2016-ға қатысқан қазақстандық клубтарға 1,2 млн еуро бөлді

УЕФА EURO-2016-ға қатысқан қазақстандық клубтарға 1,2 млн еуро бөлді
ашық дереккөзі
EURO-2016 іріктеу және ақтық кезеңіне қатысқан барлық 54 ұлттық қауымдастық клубтарына УЕФА 150 миллион еуро қаражат бөлді. Бұл туралы  УЕФА ресми сайтына сілтеме жасап KazFootball.kz хабарлады. Ойыншылары EURO-2016 іріктеу және ақтық кезеңіне қатысқан 641 клуб УЕФА-дан төлемақы алады. Аталып өткендей, барлық 54 ұлттық қауымдастық клубтары УЕФА-дан қаржы алады. ЕУРО-2016 аясында 329 матч өткен болатын. Оның 278-і іріктеу, ал 51-і финалдық кезең. 2015 жылы мерзімі созылған, УЕФА мен Еуропалық клубтар қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум шарттарына сәйкес, клубтарға 150 миллион еуро төленеді - бұл ЕУРО-2012 салыстырғанда, 50 миллионға артық. УЕФА Атқару комитеті бекіткен табысты бөлу принципіне сәйкес, 100 миллион еуроны ойыншылары ЕУРО-2016 финалдық кезеңінде ойнаған клубтар алады. Қалған 50 миллион еуро ойыншылары іріктеу матчтарында ойнаған клубтарға беріледі. Мұнда ойыншылардың финалдық кезеңге шыққаны немесе шықпағаны маңызды емес. Қазақстанның 12 клубы жалпы сомасы 1 199 386 мың еуро қаражат алады:
  1. «Қайрат» - 316 225
  2. «Ақтөбе» - 239 664
  3. «Астана» - 217 489
  4. «Ордабасы» - 150 355
  5. «Шахтер» - 87 707
  6. «Тараз» - 50 118
  7. «Атырау» - 45 941
  8. «Ертіс» - 33 412
  9. «Тобыл» - 29 235
  10. «Қайсар» - 16 706
  11. «Жетісу» - 8 353
  12. «Оқжетпес» - 4 176.