Қоғамдық көліктер жаңарады

Қоғамдық көліктер жаңарады

Қоғамдық көліктер жаңарады
ашық дереккөзі
«Amanat» партиясының Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Пания Сармурзина, Людмила Меңдығалиева, Раушан Аймурзаева, Жұлдыз Мұханбетқалиқызы үгіт-насихат жұмыстарын Жаңаөзен қаласының  «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС мекемесінде жалғастырды. Кездесуде ұжым мүшелері төмендегі мәселелерді көтерді. Жаңа көпсалалы қалалық ауруханада лифтінің үнемі жасамуы, жекеменшік «Пионерлер үйі» ғимаратының құрылысы тоқтап, қазіргі таңда «қоқыс» алаңына айналуы, мүгедектігі бар адамдарға тасымалдау және мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет туралы ақпараттардың жетіспеушілігі, сонымен қатар қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктердің тапшылығы тұрғындардың басты мәселесіне айналған. Партияның сайлауалды бағдарламасында аталған мәселелердің шешу жолдары алдағы 5 жылға жоспарланған. - Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін партия 2027 жылға дейін қала маңындағы аумақтардың тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету үшін 50 автобус сатып алуға, осылайша қалалық және ауданаралық маршруттардың автобус парктерін жаңартуға, жаңа және 9 жұмыс істеп тұрған қалалық және ауданаралық маршруттарды субсидиялауға ықпал етпек. Бұл шаралар қоғамдық көліктің тозуын 30%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мәселелерін шешуге бағытталған кемінде 150 іс-шара өткізу, 5 жыл ішінде әлеуметтік көлік инфрақұрылымының 162 объектісін бейімдеуге зер салмақ,-деп атап өтті Людмила Меңдығалиева.  width= Тапсырыс беруші: Н.Қарасаев. Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.