«AMANAT»: 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады

«AMANAT»: 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады

«AMANAT»: 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясынан Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ұжымымен кездесіп, үгіт жұмыстарын жүргізді. Жиында үміткерлер сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, алға қойған мақсаттарға жету үшін партияның қандай шаралар атқаратынын талқылады.
«Партия алдағы бес жылда жұмыс орындарын ашып, азаматтардың лайықты табыс алуына жағдай жасайды. Жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту және жұмыс орындарын құру мақсатында жыл сайын кемінде 300 кәсіпкерлік субъектісіне қаржылық қолдау көрсетілетін болады. Сондай-ақ, облыста кемінде 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады»,-деп атап өтті Жорабек Нұрымбетов.
Еркін форматта өткізілген басқосуда халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, жаңа жұмыс көздерін ашу, өндірістік орындардағы қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыру мен жастардың әлеуметтік санатын қолдауға жұмыс жасайтындарын айтты.  
«Amanat» партиясы өз сайлаушыларымен бірге ең алдымен, қазақстандық отбасыларды қорғауды қамтамасыз етуге ниетті. Ол үшін партия Денсаулық сақтау, білім беру саласында сапалы жағдайлар жасауды көздеп отыр. Қазақстанның әрбір азаматы жайлылық пен қауіпсіздікте өмір сүріп, жұмыс істегенін қалаймыз. Біз сайлауға нақты мақсатпен және елдің болашағы үшін жауапкершілікті толық түсінумен барамыз», - деді өз сөзінде Ержан Ескендір.
Кездесу соңында облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар ұжым қызметкерлерін 19 наурызда сайлауда белсенді болуға шақырды.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.