«AMANAT»: ауыл шаруашылығын дамыту жобалары жүзеге асырылады

«AMANAT»: ауыл шаруашылығын дамыту жобалары жүзеге асырылады

«AMANAT»: ауыл шаруашылығын дамыту жобалары жүзеге асырылады
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының өкілдері Қалыйма Жантөреева, Мағауия Сексенбайұлы, Бегімбет Байғараев, Ернар Сағындық және Ербол Ержігіт үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Созақ ауданындағы «Құмкент» өндірістік кооперативінің қызметкерлерімен кездесті. Іс-шара барысында елімізде ауыл шаруашылығын дамыту қолға алынып жатқандығы және осы ретте партиялық «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылатыны баяндалды.  width=
- «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында алдағы 5 жыл бойы тек қана ауыл тұрғындарының кәсіп бастауы үшін 2,5 пайыздық несие алуға мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылады. Бұл жобаға әр аудандағы белгіленген ауылдарда тұратын, талаптарға сай келетін кез келген адам қатыса алады. Нәтижесінде, ауыл азаматтары өз ісін бастап, кооперативтер құруға мүмкіндік алмақ. Тиісінше, бұл жоба азаматтардың әл-ауқатын көтеріп, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал ететін болады, - деді Қалыйма Жантөреқызы кездесу барысында.
Өз кезегінде, кооператив қызметкерлері жобаға қатысты сұрақтарын қойып, штаб мүшелері тарвбынан жауап берілді. Оған қоса, ауылдан ағынсу каналын салу ұсынысы айтылып, бұл мәселе партия бақылауына алынатын болды.  width= Кездесу соңында кандидаттар мен сенімді өкілдер ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерін 19 наурызда сайлауға қатысып, белсенді болуға шақырды.

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.