Жаңалықтар

«AMANAT»: ауыл шаруашылығын дамыту жобалары жүзеге асырылады

ашық дереккөзі

«AMANAT»: ауыл шаруашылығын дамыту жобалары жүзеге асырылады

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының өкілдері Қалыйма Жантөреева, Мағауия Сексенбайұлы, Бегімбет Байғараев, Ернар Сағындық және Ербол Ержігіт үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Созақ ауданындағы «Құмкент» өндірістік кооперативінің қызметкерлерімен кездесті. Іс-шара барысында елімізде ауыл шаруашылығын дамыту қолға алынып жатқандығы және осы ретте партиялық «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылатыны баяндалды. Кездесу соңында кандидаттар мен сенімді өкілдер ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерін 19 наурызда сайлауға қатысып, белсенді болуға шақырды.

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.