Жаңалықтар

«AMANAT»: ауыл тұрғындарының қажеттілігі - басты назарда

ашық дереккөзі

«AMANAT»: ауыл тұрғындарының қажеттілігі - басты назарда

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының Алтынсары Дүйсенбекұлы бастаған өкілдері Ордабасы ауданындағы кітапханада зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Жиында сөз алған облыстық филиал төрағасы партияның алға қойған мақсат-міндеттерімен таныстырды.

- «AMANAT» партиясы – әрқашан халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, оны билікке жеткізіп жүрген еліміздегі ірі саяси ұйым. Біз ауылдағы ағайынның жағдайын өзіміздің аудан, қалалардағы қоғамдық қабылдауларымызға келген ұсыныс-тілектер мен арыз-өтініштер арқылы жақсы білеміз. Біз ауыл мен қала арасындағы алшақтықты барынша азайту керек деп санаймыз. Ауылда көп жылдан бері қордаланып, шешімін таппай жүрген негізгі проблемалардың бірі – ауыл тұрғындарының сапалы медициналық көмекке қол жеткізуі. Жыл сайын Ордабасы ауданындағы ауылдарға 11-12 медициналық білімі бар мамандарды жолдап отыруға ықпал етпекпіз. 2023 жылы Шұбар, Төрткүл, Қызылжар ауылдарында 3 жаңа мектеп, 2024 жылы Ақбұлақ ауылында 1 жаңа мектеп, 2025 жылы Бадам, Темірлан, Шұбарсу ауылдарында 4 жаңа мектеп салынып, Қажымұқан, Көлтоған ауылдарындағы мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деді Алтынсары Үмбетәлиев кездесу барысында.

Іс-шарада сөз алған штаб мүшесі Жандос Әзімбай партия қолға алған «Ауыл аманаты» жобасын бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп, кәсіпкерлікке жасалатын қолдау шараларын мәлім етті. Өз кезегінде ордабасылық зиялы қауым өкілдері ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өзекті мәселелерді талқылады.