Жаңалықтар

Қазақша әнге тыйым салынған: «Пинта» барларына бойкот жарияланды

ашық дереккөзі

Қазақша әнге тыйым салынған: «Пинта» барларына бойкот жарияланды

Алматыда жұмыс істейтін «ПИНТА» мейрамханасы мемлекеттік тілде музыка қоюдан бас тартқан деп хабарлады turkystan.kz kznews.kz сайтына сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде «Pinta» мейрамханалар желісінің музыканттарының чатынан сурет таралып, онда музыкантқа қазақ тілінде ән орындауға, ал орыс тілінде әр блокта бір ғана ән орындауға тыйым салынғаны жазылған. Мейрамхана әкімшілігі мұны «тұжырымдама және позициялаумен» түсіндіреді. Бұл олардың «тұжырымдамасы мен ұстанымына сай емес» екен. Мейрамхана қонақтары неге мемлекеттік тілде әндер орындалмайтынын сұрады. Бұған Пинта ресми жауабында мейрамханадағы музыка тек «ағылшынша және орысша болады деген ұстанымы» барын айтқан.