Жаңалықтар

«AMANAT» партиясының басты мақсаты - халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясының басты мақсаты - халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының өкілдері Созақ ауданында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Атап өтсек, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қалыйма Жантөреева бастаған Мағауия Сексенбайұлы, Бегімбет Байғараев, Ернар Сағындық, Ербол Ержігіт сынды штаб мүшелері аудан орталығындағы «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» орталығында болып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, тұрғындар мен ардагерлерге партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. «AMANAT» партиясының басты мақсаты - халықтың әлеуметтік жағдайын дұрыстау. Сонымен қатар әділетті қоғам құруға күш салып, азаматтардың құқығын қорғау», - деді кездесуде алғаш болып сөз алған Қалыйма Жантөреқызы. Өз кезегінде, жиынға қатысқан созақтықтар мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету саласына қатысты сауалдарына жауап алып, қоғамды дамыту бағытындағы ұсыныс-пікірлерін білдірді. Айта кетсек, аталған орталық аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ардагерлер үшін түрлі емдік шараларды ұсынып, спортпен шұғылдануға мүмкіндік беріп келеді. Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.