Жаңалықтар

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы БҚО-да сайлаушылармен жүздесті

ашық дереккөзі

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы БҚО-да сайлаушылармен жүздесті

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Батыс Қазақстан облысында кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, педагогтармен, ауыл тұрғындарымен кездесті. Орал қаласында РПШ мүшелері өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен жүздесіп, партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын талқылады. Осы күні штаб мүшелері Бәйтерек ауданының жұртшылығымен сайлауалды бағдарламаның басымдықтарын талқылады. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Аудан тұрғындары тұрғын үй салу, сумен жабдықтау, білім беру мен медициналық қызметтердің қолжетімділігі мәселелерін көтерді.