Жаңаөзенде кандидат тұрғындармен кездесуде экология мәселесін талқылады

Жаңаөзенде кандидат тұрғындармен кездесуде экология мәселесін талқылады

Жаңаөзенде кандидат тұрғындармен кездесуде экология мәселесін талқылады
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық мәслихатына үміткер Жұлдыз Мұханбетқалиқызы және «AMANAT» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы жанындағы штаб мүшесі Е.Бұхарбаев осы аптаның үгіт-насихат жұмыстарын «ӨМГ» АҚ  ӨҚБ «ӨзенЭнергоСервис» мекемесінен бастады.  Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, ұжым мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Тұрғындарды «Қошқар ата» қалдық қоймасымен қатар, соның жанында орналасқан уран қалдықтары қоймасының да экологиялық жағдайы алаңдатады. Сондай-ақ Жаңаөзен қаласындағы Рахат ауылында заманауи аялдамалар жоқтың қасы, ауылішілік жолдарға жөндеу жұмыстары қажет. Қала тазалығы мен бұралқы иттердің мәселесі де өзекті.  width=
«Партияның сайлауалды бағдарламасында аталған мәселелердің шешу жолдары қарастырылған. Экология мәселесіне де зер салынып отыр. «АМАNАТ» партиясы облыс орталығынан бастап, ең шалғай ауылға дейін өңіріміздегі әрбір елдімекенде лайықты өмір сүруге бар күш-жігерін салады. Жол сапасына байланысты Жаңаөзен қаласында және Мұнайлы, Маңғыстау, Бейнеу аудандарында кемінде 600 шақырым ауылішілік және қалалық жолдарға реконструкциялау және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр», - деді Жұлдыз Мұханбетқалиқызы.
Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.