Жаңалықтар

Жаңаөзенде кандидат тұрғындармен кездесуде экология мәселесін талқылады

ашық дереккөзі

Жаңаөзенде кандидат тұрғындармен кездесуде экология мәселесін талқылады

«AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық мәслихатына үміткер Жұлдыз Мұханбетқалиқызы және «AMANAT» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы жанындағы штаб мүшесі Е.Бұхарбаев осы аптаның үгіт-насихат жұмыстарын «ӨМГ» АҚ  ӨҚБ «ӨзенЭнергоСервис» мекемесінен бастады.  Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, ұжым мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Тұрғындарды «Қошқар ата» қалдық қоймасымен қатар, соның жанында орналасқан уран қалдықтары қоймасының да экологиялық жағдайы алаңдатады. Сондай-ақ Жаңаөзен қаласындағы Рахат ауылында заманауи аялдамалар жоқтың қасы, ауылішілік жолдарға жөндеу жұмыстары қажет. Қала тазалығы мен бұралқы иттердің мәселесі де өзекті.